• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:53:42
Алматы
+35°

28 Қазан, 2016 NEWS

Олимпиаданың 5 алтын медалі көзден бұлбұл ұшты (Видео)

Олимпиаданың 5 алтын медалі көзден бұлбұл ұшты. Қазақ елі ауыр атлетикадан Бейжің және Лондон олимпиадаларында иеленген алтын медальдарды халықаралық олимпиада...

Олимпиаданың 5 алтын медалі көзден бұлбұл ұшты. Қазақ елі ауыр атлетикадан Бейжің және Лондон олимпиадаларында иеленген алтын медальдарды халықаралық олимпиада комитетіне қайтаратын болды. Қазақстан ауыр атлетикасына қолданылатын ауыр жаза мұнымен бітпейді екен.

Бұл туралы Qamshy.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Халықаралық ауыр атлетика комитетінің төрағасы Тамаш Аянның мәліметінше, осы спорт түрінен Қазақстан құрамасы 1 жылға шеттетілуі мүмкін. Ал допинг қолданды деп айыпталған Илья Ильин Лондон және Бейжің олимпиадасынан иеленген қос алтын медалінен, Майя Манеза және Светлана Подобедова Лондон олимпидасынан алған алтындарын қағылып 8 жылға спорттан шеттетілсе, Зульфия Чиншанло 4 жылға ауыр атлетикадан аластатылып, Лондонда иеленген алтын медалінен айырылды. Олардың қан құрамынан «СтаноЗолол», «ДегиДроХлорМетилТесТестерон» және «ОксанДролон» табылғаны дәлелденген. Айта кетейік комитет бұған дейін 4 спортшы: Алмас Өтешов пен Ермек Өміртайды 4 жылға, Жасұлан Қыдырбаев пен Фаина Сиванбаеваны 8 жылға спорттан шеттеткен болатын. Ал жыл соңына дейін атлет қыздарымыз Грабовецкая және Некрасова 2008 жылы олимпиадада иеленген қола медальдарын қайтаратын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір