• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:48:57
+35°

28 Қазан, 2016 Әдебиет

Қанат Исламға арнау

Елің аман жүрсің бе, басың аман,

Жаның жайсаң жігітсің жасымаған.

Бақыр басты ұл таппай, батыр тапқан,

Текті жердің қызы екен асыл анаң!

 

Арда туған атадан ұланбысың,

Аңызбысың Алашқа, ұранбысың!

Бауырына Алатау басты бүгін,

Алтын топшы Алтайдың қыран құсын.

 

Арыстандай айбатты дара туған –

Айналайын сом білек Қанатымнан!

Қарсыласын қаңбақтай домалатқан,

Жұдырығы темірден жаратылған.

 

Түк өскен бе жүрекке, бүр өскен бе,

(Жуасиды не мықты үні өшкенде)

Сүрінуге хақың жоқ, жеңілуге,

Атамекен төрінде күрескенде.

 

 

Азат күнге жеткенде, азат таңға,

Кім төзеді қорлық пен мазақтарға...

Қанаты бар Қазақта арман барма,

Арман барма Қанатта Қазақ барда!!!

Ғалым Қалибекұлы,

ақын, Халықаралық «Алаш»

Әдеби сыйлығының иегері.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір