• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:34:47
Алматы
+35°

28 Қазан, 2016 NEWS

ЖАҚСЫБЕКОВ ҮКІМЕТТЕ ШТАТ ҚЫСҚАРТЫП, «АҚШАНЫ ҮНЕМДЕУ» ТУРАЛЫ АЙТТЫ

ПӘ жетекшісі Жақсыбеков кейбір министрліктің штатын қысқарту туралы айтты деп хабарлайды

ПӘ жетекшісі Жақсыбеков кейбір министрліктің штатын қысқарту туралы айтты деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұл туралы Жақсыбеков ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бүгінгі кеңейтілген мәжілісіне қатысқанда айтқан.  Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков ұзақ уақыт бойы бос орындарды ұстап, жұмысқа адам алмай жатқан министрліктерді сынға алды. Оның ойынша, аталған мемлекеттік органдар резервте бар адамдарды қызметке қоюға асықпаса, ондай ведомствоның штатын қысқартуға әбден болады.

"Маған түскен ақпаратқа сәйкес, "А" корпусындағы ваканттық қызметтерге (басшылық - авт.) адам тағайындау жұмысы дұрыс жүргізілмейді. Қазіргі кезде резервтің барына қарамастан, 16 лауазым әлі де бос тұр. Төрт ай бойы алты бірдей министрлікте 8 комитеттің төрағасы әлі тағайындалмай отыр. Ал осы қызметке үміткерлердің резерві 39 адамды құрап отыр", - деді Ә.Жақсыбеков.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет саласында мамандардың жиі ауысуы басты проблемалардың бірі. Соған қарамастан, қаржы министрлігінде 970 қызмет орны бос тұрса, ұлттық экономика министрлігінде - 900-ден астам, ал ауыл шаруашылығы министрлігінде 280 қызметке әлі адам ала қоймаған. Облыстық және аудандық әкімдіктерде де солай.

"Негізі, бос тұрған жұмыс орындарының көптігі, басшылардың жиі ауысуы мемлекеттік қызмет аппаратының жұмысына кері әсерін тигізіп отыр. Бізге осыны жан-жақты зерделеп шығу қажет. Қазіргі жағдайға не себеп болды? Неге ол орындар бос тұр? Бәлкім, сол министрліктердің штатын қысқартамыз. Соның арқасында біраз ақшаны үнемдеуге болады", - деп атап көрсетті Президент Әкімшілігінің басшысы.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Елбасы 2013 жылы 23 маусымды Мемлекеттік қызметкерлер күні етіп жариялады.

Әділбеков сөзінде, мемлекеттік қызметкерлердің этикасы туралы да айтты. «Мемлкеттік қызметкер этикасына қатаң назар бөлу керек. Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік қызметкердің Әдеп кодексі бекітілді, мемқызметкерлердің әдебін бақылайтын арнайы қызметтер енгізілді, орталық және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында әдеп жөніндегі кеңестер құрылды. Қазір мемлекеттік қызметкерлер халықтың қатаң бақылауында жұмыс істеп жатыр. Бәрі сол сәтте ғаламтор немесе әлеуметтік желіге түсіп кетеді», - деді Ә.Жақсыбеков.

2016 жылдың 1 қаңтарына сәйкес, елімізде мемлекеттік қызметкерлердің жалпы саны 98 886 адамды құраған.

Сондай-ақ, Қазақстанда соңғы айларда бірнеше министрлік қайта құрылды және жаңа министрліктер құрылған болатын.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір