• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
19 Қазан, 00:42:18
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

28 Қазан, 2016 IT

Apple жаңа өнімдерін танытты

Apple компаниясы Калифорниядағы Купертино кеңсесінде жаңа өнімдерін танытты деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Apple компаниясы Калифорниядағы Купертино кеңсесінде жаңа өнімдерін танытты деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Кеш барысында жасалған мәлімдеме бойынша, Apple тұтынушыларының %60-ы iOS 10-ды қолдданады. Ал,  %1-і ғана Android Nougat-ті қолданады екен. iOS 10-ның соңғы үлгісі iOS 10.1 арқылы iOS 10-да кездескен ақаулар жойылады деп күтіліп жатыр.  Apple Купертинода «Қайта сәлем(Hello Again) атты тұсау кесер кешінде  «ескірген» MacBook Pro-ны тұтастай жаңартатын айтты. Сондай-ақ, жаңа өнімі Nike Plus қол сағатының 28 қазаннан бастап нарыққа шығатынын жариялады. Тим Куктің жасаған мәлімдемесі бойынша, Apple CEO-да қазірдің өзінде  800 мыңнан астам қолданба орнатылған. Apple TV-ні де танытқан Кук, Apple TV-нің ішінде Twitter уақыт тунелінің болатынан хабар етті. Сондай-ақ, Apple TV-дан басқа еш жерде теледидар қараудың қажеттілігі қалмайды деді.  Жыл аяғына дейін, Apple TV-де Minecraft те ойналатын болады.

Кеште белгілі болғандай, жаңа Macbook Pro MacOs Sierra операциялық жүйесімен жұмыс істейтін болады. Photoshop үшін touchbar ерекшелігі қолданушылардың жұмысын жеңілдетеді, сондай-ақ, Macbook-терде ең көп қолданылған бағдарламалардың бірі Final Cut-да touchbar арқылы өзгеше жұмыс істемек. Ал, 3D бағдарламар 130 есе қуатты, ойындар %60, видео өңдеу %57 тез жұмыс атқаратын болады.

Жаңа Macbook Pro-да Intel Core i7 орнатылады. Radeon Pro графикасы Polaris дисплей болады. Алдыңғы буын үлгісінен 2,3 есе қуатты жұмыс істейтін болады. Macbook Pro-ға touch ID қосылды, бұдан былай саусақ бедері арқылы қауіпсіздігін қорғайды.  Жаңа Macbook Pro-да  екі есе үлкен touchpad клавиратура толықтай жаңаланды. 15,5 mm қалыңдығындағы жаңа Macbook Pro-ның көлемі  %20 кішірейіп, 4 пунттық (1814 gram) салмағы болады. Ол, бүгінгі ең жұқа, ең жеңіл Macbook Pro болмақ. Алдыңғы буынына қарағанда 17 пайыз жұқа, 23 пайыз жеңіл.

Жаңа нәсіл компьютерді таныстырған Кук 20 жыл бұрынғы Powerbook-ті еске салды.Оның айтуынша, Siri барлық Apple платформасында жұмыс істейтін болады.

Кеш барысында Кук iPhone 7 туралы деректер беріп,  Apple Store бағдарламасының қайта жасақталып жатқанынан хабар берді. Оның айтуынша, Macbook Pro-ның ең арзаны 1499 қымбаты болса 2.399 доллардан сатылатын болады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір