• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:56:13
Алматы
+35°

28 Қазан, 2016 Саясат

Оңтүстік Корея Президентінің басы дауға қалды

Прокуратура Корея басшысының құрбысымен байланысты коммерциялық емес қорларды тексеруді бастады. Бұл туралы

Прокуратура Корея басшысының құрбысымен байланысты коммерциялық емес қорларды тексеруді бастады. Бұл туралы Ренхап агенттігіне сілтеме жасап "Қамшы" порталы хабарлайды. Тексерулер алдымен Mir Foundation,  K-Sports сияқты қорларда жүргізілген.

Оппозициялық Демократиялық партияның басшысы Чху Ми Энің сөзіне қарағанда Цой Сун Силь Президент резиденциясынан күн сайын баяндамалар алып, нұсқаулар берумен айналысқан.  Алайда Цой Сун Сильдің өзі ешқандай үкіметтік лауазымға ие емес. Президент Пак Кын Хе Цой Сун Силь Ұлттық мәжілістің заң шығарушысы болған кезінде өзіне көмектескенін айтады.

Оңтүстік Кореяның басқарушы «Сэнуридан» партиясының мүшелері президенттің партия мүшелігінен бас тартуға шақыруда. Ал оппозияция ел үкіметінің отставкаға кетін талап етуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір