• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:04:30
Алматы
+35°

28 Қазан, 2016 Саясат

Сенаторға дейінгі Қалетаев

«Қамшы» порталы кеше Дарқан Қалетаевтің Сенат депутаты болып тағайындалғанын 

«Қамшы» порталы кеше Дарқан Қалетаевтің Сенат депутаты болып тағайындалғанын хабалаған еді. Осыған орай бүгін Бауыржан Жүсіпұлы есімді азаматтан хат қоржынымызға келіп түскен мына материалды назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. 

Қалетаев – жас саясаткер

Дархан Қалетаев ең бастысы кадрлық резервтегі жас буынның өкілі. Ол, жақында ғана 44 жасқа толды. Дархан Аманұлы 1972 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында өмірге келген. Тарих мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін 1994 жылы бтірген ол, 1996-1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірді әрі сол жылдары бірден жоғары билік сатысында қызмет атқарды. 1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасының ұлттық саясат жөнінде мемлекеттік комитеттің бас маманы, жетекші маман болып қызмет атқарды. Ол, небәрі 30 жасында Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Жастар ісі жөнінде департаментінің басшысы болып жұмыс істеді. 2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Ішкі саясат секторының меңгерушісі, Бөлім басшысы болды. 2007 жылы Президент Әкімшілігі жетекшісі орынбасары болған Қалетаев атқарушы билік партиясында да, 2008 жылдан кейін бір жылдан астам басшы болып қызмет атқарды. Ол кезде бас партия "Нұр отан" халыққа жақын партия болып көрінді. Тіпті кейбір партия Нұротанмен бірігіп, биліктің саяси қуаты күшейді. Ол, Сенат депутаты болып сайланғанына дейін тұп-тура 7 жыл  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры қызметін атқарды.

«Самұрық-Қазына» қорының жалғыз акционері мемлекет болып табылады. Қор биліктің «100 нақты қадам», «Қазақстан 2050» сияқты стратегияларында орасан жұмыс атқарды. Халыққа тұрғын үй ұсынатын Тұрғын үй бағдарламаларын, әр түрлі иновациялық жобаларды қолға алды. Қалетаев қызметке келгеннен кейін, «Самұрық қазына» айтарлықтай қызмет атқарды. Бұл туралы ол сұхбаттарының бірінде ««Самұрық-Қазына» қоры әлемдік үдерістердің арнасында» деп атаған еді. Ол билікке келгеннен кейінгі компанияның атқарған елеулі жұмыстарының бірі ретінде «Халықтық IPO» бағдарламасын атап өтуге болады. Осы бағдарламаның арқасында көптеген отандастарымыз ұлттық компаниялардың белгілі мөлшерде активтеріне ие болды. «Самұрық-Қазына» қоры 550-ден астам аса ірі кәсіпорынды бақылады. Қор және қорға қарасты компаниялар атқарған жұмыстары аясында әлеуметтік жақсарту бағытында миллиардтаған теңге бөлді. Бұл тікелей Қалетаевтің басшылығының жемісі еді. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бөлімшелері мен құрылымдарында 300 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың отбасы мүшелерін есепке алғанда қор кәсіпорындарының жұмысы  кем дегенде бір миллион қазақстандықтың мүддесіне тиімді қызмет атқарды. Компания жұмысына қатысты Қалетаев «Кейбір жеке меншік компанияларда, жаһандық дағдарысқа және мұнай бағасының төмендеуіне сілтеме жасай отырып, қазірдің өзінде жалақылар мен персоналды қысқартуға дайындалуда.  Осының аясында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының мемлекеттік компанияларын  мүлде басқа жағдайлар алаңдатуда: мұнда әлеуметтік әріптестікке және әлеуметтік жауапкершілік тәсілдерін өзгертуде, еңбек ұжымдарында әділеттілікке қол жеткізуге ұмтылуда. Тегінде бұл арадағы айырмашылық, егер жеке бизнес тек қана ақша санаумен айналысса, ал холдинг мемлекеттің саясатын іске асырады» деген еді.

Қалетаев тек саяси-экономикалық басшылық қызметте болған жоқ. Ол, спорт саласында демеуші, жанашырлық көрсетіп келеді. 2015 жылы Қазақстан велоспорт федерациясының президенті болды. Қалетаев футбол дамыту туралы да  «Жалақының ең жоғарғы шегі жылына 300 мың доллар болуы керек деп есептеймін. Ал қайсыбір клуб құрамын жалақысы бұдан да жоғары футболшымен күшейткісі келсе, 10 пайызын футболды дамытуға бөліп отырсын» деген еді.

Дархан Аманұлы кеше ғана президент жарлығымен Сенат депутаты болы. Оның Парламент мінберінде де ұлттық, әлеуметтік мәселелерге батыл үн қатып, елдің экономикалық, рухани қуатын күшейтуге аямай еңбек ететіні сөзсіз. Мемлекетшіл һәм ұлтшыл саяси тұлғалар арасындағы жас буын ретінде, Аманұлына ақ жол тілейміз.

Бауыржан Жүсіпұлы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір