• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:48:59
Алматы
+35°

28 Қазан, 2016 NEWS

Екі қабат әйелді перзенханадан қуып жібергендіктен, далада тууға мәжбүр болды (ВИДЕО)

Адам баспанасынан айырылған кезде, басқалар оны хайуанға теңейтін сияқты. Әрине, көбісі өз баспаналарын ішімдікке ауыстырып, өз тағдырын, өмірін қорлайды.

Адам баспанасынан айырылған кезде, басқалар оны хайуанға теңейтін сияқты. Әрине, көбісі өз баспаналарын ішімдікке ауыстырып, өз тағдырын, өмірін қорлайды.

Алайда, қылмыстық алаяқтық құрбандары да аз емес. Филиппин ауруханасының жанында түсірілген бұл видео жас ананың далада туып жатқаны жайлы. Себебі, жас ананы перзентханаға кіргізбеген. Бейшараның ақшасы, сақтандыру қағазы да болмаған. Ал, туу уақыты келіп қалған. Қуанышқа орай, аурухана қызметкерлері әкімшіліктің шешіміне қарамастан, жас анаға көмек көрсетті. Дәрігер мамандардың арқасында бала аман-есен туылды.

Ролик әлеуметтік желілерде кеңінен таралған соң, қоғамның наразылығын тудырды. Осы видеодан туындаған қоғамдық резонанс  жас ана мен сәбиге жақсы ықпал етті. Олардың уақытша баспанасы пайда болды.

Жас ана осы қиын жағдайды төзіп, жеңіп шығады деген ойдамыз, өзі үшін болмаса да, баласы үшін. Осы өмірде жақсы адамдардың барына шүкір! Дәрігерлердің көмегінсіз жас ананың тағдыры қандай болар еді?!

Әзірлеген: Даяна Ишанхан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір