• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:54:44
Алматы
+35°

29 Қазан, 2016 NEWS

Кәсіпкер Жеңіс Түркия «Момышұлы» атындағы Намыс медалымен марапатталды

Кәсіпкер Жеңіс Түркия «Момышұлы» атындағы Намыс медалымен марапатталды

Кәсіпкер Жеңіс Түркия «Момышұлы» атындағы Намыс медалымен марапатталды

Кәсіпкер Жеңіс Түркия «Момышұлы» атындағы Намыс медалымен марапатталды, бұл туралы «Қамшы» ақпараттық порталы хабарлайды. Төсбелгіні Ауған соғысы ардагерлер ұйымының «ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл табыстады.

Жеңіс Түркия ел тәулесіздігін алып, «Көші-қон» саясаты қолға алынған тұста Атажұртқа алғашқы болып келген қандастардың өкілі. Ол елге келген соң кәсіпкерлікпен айналысып, қоғамдық-мәдени өмірге ат салысты.

Ол, «Ер Жәнібек» халықаралық қорының президенті. «Ер Жәнібек» қоры әлем қазақтары аясында атаулы мерекелерді ұйымдастырып, іс-шаралар өткізіп келеді. Ол тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесіне байланысты «Тәуелсіздігімізге 25 жыл толды. Ширек ғасыр аз уақыт емес. Осы аралықта еліміз бағдарын түзеп, бағытын айқындап, тұғырын бекітті, тамырын тереңге жая түсті. Бұл әлемдегі қазақ жұрты үшін үлкен қуаныш, зор мерей. Тәуелсіздігіміздің осындай атаулы мерекесі мемлекет көлемінде кеңінен тойланып жатыр. Оған үн қосу ел азаматтарының борышы» дейді өз сөзінде. Сондай-ақ, «Алдағы жоспарлар туралы айтар болсақ, қазақ үшін ең бір киелі ұғымның бірі Алаш десек артық емес. Бұйыртса, келесі 2017 жылы Алашорда үкіметінің құрлынғанына 100 жыл толады. Осы мерейтойға байланысты кітаптар шығарсақ дейміз. Сондайқ-ақ, келер жылы Халифа Алтайдың 100 жылдығы, танымал ғалым марқұм Тұрсынбек Кәкішев ағамыздың 90 жылдығы секілді ауқымды шаралардың ойдағыдай өтуіне атсалысуды ойластырып отырмыз», - деп отыр Төсбелгі иесі. 

Жеңіс мырза "Қамшы" порталы ұйымдастырған "Қазақ хандығына 550 жыл" мерекелік концертінің бас демеушілерінің бірі болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір