• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 04:09:18
Алматы
+35°

29 Қазан, 2016 Кәсіпкер

Қанат Исламның жанкүйерлері аймақтардан келіп жатыр (Фото, Видео)

Бүгін, 29 қазан Алматыдағы "Алматы аренада" Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы 22 кездесуі өтеді. Ол бірінші рет Қазақстанда жекпе-жек өткізгелі жатыр....

Бүгін, 29 қазан Алматыдағы "Алматы аренада" Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы 22 кездесуі өтеді. Ол бірінші рет Қазақстанда жекпе-жек өткізгелі жатыр. Қанат Ислам WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін ганалық «Улы жебе» Патрик Аллотейге қарсы жекпе-жек өткізеді. Ол, WBA Fedecaribe тұжырымының чемпионы, осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

Алматыда өтетін бәсекеге аймақтардан жанкүйерлер де келіп жатыр деп хабарлайды "Қамшы" порталы. Алматы облысы орталығы Талдықорғаннан жолға шыққан бір топ отаншыл азаматтар видео сәлем жолдады. "Талдықорған мен Текелі қаласынан, Қаратал, Көксу, Ақсу, Ескелді, Кербұлақ аударндарынан өкіл азаматтар Талдықорғандағы "Жастар" спорт сарайының алдында бас қосып, 20-дан астам көлікпен Алматыға жолға шықты" деп баяндайды Дәулетжан Шаймұранұлы. Олар сәлемінде "Қанаттың жеңісі - Қазақтың жеңісі!" деп ұрандайды.

Ерлан Төлеубай​

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір