• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:38:15
Алматы
+35°

29 Қазан, 2016 Саясат

Бауырлас Түрік Республикасына 93 жыл!

Түрік халқы Түркияның 93 жылдығын мерекелеп жатыр деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Осыдан 93 жыл бұрын, Ататүрік бастаған Түрік Ұлы Ұлт Мәжілісі...

Түрік халқы Түркияның 93 жылдығын мерекелеп жатыр деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Осыдан 93 жыл бұрын, Ататүрік бастаған Түрік Ұлы Ұлт Мәжілісі Түркия республикасын жариялаған болатын.

Түркия үш тарапы теңізбен қоршалған, Еуразияны жалға тұрған мемлекет. Жер ауданының 3 пайызы Еуропа құрлығында орналасқан. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Бірінші Дүниежүзілік Соғыста Османлы империясының ыдырауынан өмірге келді.

Түркия туралы шағын мәліметтер бере кетсек, Түркия констиуциясы бойынша Түрік топырағында туған кез келген адам түрік болып саналады. Түрік әкеден де, түрік шешеден де туған бала түрік болып есептеледі. Халқының 85 пайызы Түріктер. Түркия құрылғаннан кейін экономикасын ауыл-шаруашылығына бағыттады. Түркия Екінші Дүниежүзілік соғысына қатыспаған санаулы елдердің бірі. Түркия Бірлескен Ұлттар Ұйымын құрған 50 елдің бірі ретінде 1945 жылдың 24 маусымында ұйымға мүше болды.

Түрік Республикасы алғашқы констиуциясы бойынша Ислам дінін мемлекеттік дін етіп жариялаған. 1924 жылы 3 наурызға дейін Мұсылман Халифаты өмір сүрді. Халифалық жойылғаннан кейін, көп ұзамай заң Республиканы зайырлы ел деп сипаттады. Бүгінде Түркияда 10 шілдедегі ақпарат бойынша 86 мың 762 мешіт бар. Оның 3 мың 318-сі Ыстамбұлда орналасқан.  

Түрік халқы өздерін тікелей Түрік қағанатының, Көктүріктердің ұрпағымыз деп санайды. Тарихын 2000 жылдан астам уақытқа созылады деп жазады.

Түркия G20 мүшесі болса да, әлемде дамушы елдердің бірі болып саналады. Алайда, экономикасы Әлемде Жалпы Ішкі Өнімі бойынша 18-і, Жалпы Ұлттық Өнімі бойынша 17-орында. 1994 жылы 15 сәуірде ДСҰ-ға мүше болды. Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, Еуропа одағы кеден одағының, Қаратеңіз экономикалық әріптестігі ұйымдарының да мүшесі. Экономикасы негізінен туризм мен ауыл-шаруашылық, тасымал мен индустрияға бағытталған. Ыстамбұл мегаполисі арқылы әлемде елеулі қаржы секторын да қолға ұстап отыр.

Түркия Қазақстан тәуелсіздігін алғашқы болып таныды. Екі ел арасында дипломатиялық қатынас 1992 жылы 2 наурызда орнатылды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір