• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:42:08
Алматы
+35°

29 Қазан, 2016 NEWS

Халықаралық табиғи апат қаупін азайту күні: «Live toTell»

Осы аптада Алматы қаласында Халықаралық табиғи апат қаупін азайту күніне орай БҰҰ-ның өкілдігі мен ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар департаментінің...

Осы аптада Алматы қаласында Халықаралық табиғи апат қаупін азайту күніне орай БҰҰ-ның өкілдігі мен ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен алқалы бас қосу өтті. Табиғи апат қаупін азайтуға қатысты шараның тақырыбы «LivetoTell» — айту үшін өмір сүру. Жиынның басты мақсаты табиғи апат орын алған жағдайда адам шығынын болдырмау үшін көпшілікті сақтану амалдарымен кеңінен таныстыру.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Халықаралық табиғи апат қаупін азайту күніне арналған жолдауында былай деді: «Бүгінгі Халықаралық табиғи апат қаупін азайту күнінде мен апатты басқарудан қауіп-қатерді басқаруға көшу мақсатында барлық үкімет  органдарын азаматтық қоғаммен және жеке сектормен ынтымақтасуға шақырамын. Әрекет етуден гөрі қауіптің алдын алуға көшейік».

Халықаралық табиғи апат қаупін азайту күні биыл 25-ші рет аталып өтуде. Осы уақыт аралағында бұл жаһандық маңызы бар шараға айналды. Биылғы жиынға Алматы қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері қатысып, апаттың алдын алуға бағытталған іс-жоспарлармен таныстырды. 

ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің жедел құтқару отрядының бөлімше бастығы Сәбит Қобжанов бұл бағыттағы жұмыстар «Адам өмірін арашалаудағы нақты оқиғалар» деген ұранмен жүргізіліп жатқанын еске салды.  

Жиын барысында БҰҰ-ның ЮНЕСКО, UNISDR, ЮНИСЕФ, UN-WOMEN, UNDP өкілдіктері мен Қоғамдық ақпарат департаментінің мамандары баяндама жасады. БҰҰ мамандары Орта Азия мен Кавказ аймағында төтенше жағдайлар кезінде адам шығынын болдырмауға қатысты бағдарламалардың маңызына тоқталды. Жиында сондай-ақ Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілдері 2015 жылы Алматы қаласы мен жақын аудандарда өткен сел кезінде тұрғындарды құтқару тәжірибелерімен бөлісіп, видеороликтер көрсетті.

 

Шарафат Жылқыбаева

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір