• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:15:56
Алматы
+35°

30 Қазан, 2016 NEWS

ЖАНҚОШ ТҰРАРОВ ҚАРСЫЛАСЫН ЖАЙРАТЫП САЛДЫ

25 жасар жерлесіміз Жанқош жеңіске жетті.

25 жасар жерлесіміз Жанқош жеңіске жетті.

"Алматы Аренада" қазақстандық боксшылардың жеңістерімен өтіп жатқан бәсекеде Кәсіпқой бокста қазақ елін танытып жүрген боксшылардың бірі – Жанқош Тұраров ганалық Айсак Ариемен (Гана) жұдырықтасты. Ол осыған дейін 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 13-ін мезгілінен бұрын аяқтаған. 

Ал, қарсыласы Ганалық Айсак Кәсіпқой бокста 32 кездесу өткізген. 24-де жеңіске жетіп, 8 жекпе-жегінде жеңілген. Екі боксшы арасындағы кездесу 10 раундқа жоспарланған. Олар шаршы алаңға тең салмақпен (66 келі) шықты.

Бірніші раундта Жанқош қарсыласын зерттеп алды. Өзіне соққы дарытпады. Екінші раундта да Жанқош қорғаныста болды. Ганалықтың өте шымыр боксшы екені байқалды. Дегенмен қарсыласына бірнеше сәтті соққы жасады. Үшінші раундта қызнып алған боксшылар аямас соққыларға күшті. Келесі раундта Жанқоштың басымдылығы байқалды. Бір рет ганалықты сұлатып алды. Төреші санай бастағанда қарсыласы қайта шықты ұрысқа. Раунд бітуге отыз секунт қалғанда техникалық нокаутпен жеңді жерлесіміз.

Айта кетер болсақ, белгілі меценат Бауыржан Оспанов Жанқош Тұраровпен Қанат Исламға кәсіпқой бокста демеушілік жасап келеді.

Алматыда өтіп жатқан айтулы бәсекеде бұған дейін 4 жекпе-жек етіп, төртеуінде де жеңіс Қазақ боксшыларының қанжығасына байланған еді. 

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір