• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:25:13
Алматы
+35°

30 Қазан, 2016 Спорт

Жәнібек те қарсыласын жайратты

"Алматы Аренада" өтіп жатқан бәсекеде жерлесіміз Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізген  Жәнібек Әлімханұлы да жеңіске жетті. Ол,...

"Алматы Аренада" өтіп жатқан бәсекеде жерлесіміз Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізген  Жәнібек Әлімханұлы да жеңіске жетті. Ол, шыға сала қарсыласын тысқырта қуды. 

Қазақстандық боксшы Әлімханұлы әуесқой бокстағы 4 жылынан кейін  жақында ғана біржола кәсіпқой боксқа ауысты. Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылдың 1-сәуірінде Алматы облысына қарасты Алакөл ауданының Жыланды ауылында дүниеге келген. 8 жасынан бастап бокспен шұғылданады. Ол, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2013 жылғы Алматыда өткен әуесқой бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы, Инчхонадғы Азия ойындарының жеңімпазы, Амманда өткен Бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы.

Оның қарсыласы, 2010 жылы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан Милтон Нуньес. Колумбиялық боксшы қауқарлы қарсылас. Осыған дейін кәсіпқой бокста 50 кездесу өткізген. Оның 33-де жеңіске жеткен. 16 кездесуінде жеңіліп, 1 жекпе-жегінде қарсыласымен тең түскен. 

Бұған дейінгі 4 жекпе-жекте жерлестеріміз 

Жұман Жұмабеков Владимир Ивановті (Беларусь) 23-інші секундта ұрып жықты.

Айдар Шәрібаев 6 раунд бокстасып, әріптесі  Хуан Окураны (Испания) ұпай санымен ұтты.

Әли Ахметов болса,  Әли Мамедовті (Әзірбайжан) 44-інші секундта нокаутқа жіберді.

Ауыр салмақтағы Руслан Мырсатаев - Наху Азумиді (Гана) шыға сала сұлатты.

Жанқош Тұраров болса бәсекелесі Айсак Ариені (Гана) 4 раундта жайратып салды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір