• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 17:05:50
Алматы
+35°

30 Қазан, 2016 NEWS

БАУЫРЖАН БАЙБЕК: ҚАНАТТЫҢ ЖЕҢІСІ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ, ЕЛБАСЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Алматы қаласындағы "Алматы Арена" стадионында өткен бокс бәсекесі түгелдей қазақ боксшыларының жеңісімен аяқталды. 

Алматы қаласындағы "Алматы Арена" стадионында өткен бокс бәсекесі түгелдей қазақ боксшыларының жеңісімен аяқталды. 

Кештің басты бәсекесі жерлесіміз Қанат пен ганалық Патрик Аллотей арасындағы бәсеке толықтай 12 раундқа созылды. Қанат Ислам қарсыласын айқын ұпай санымен жеңді. Батырды шаршы алаңға Алматы әкімі Бауыржан Байбектің өзі шығып құттықтап: «Қанаттың жеңісі – Қазақстанның, Елбасының жеңісі», деп бағалады.

Аталған кеште сондай-ақ, Жұман Жұмабеков Владимир Ивановті (Беларусь) 23-інші секундта ұрып жықты.

Айдар Шәрібаев 6 раунд бокстасып, әріптесі  Хуан Окураны (Испания) ұпай санымен ұтты.

Әли Ахметов болса,  Әли Мамедовті (Әзірбайжан) 44-інші секундта нокаутқа жіберді.

Ауыр салмақтағы Руслан Мырсатаев - Наху Азумиді (Гана) шыға сала сұлатты.

Жанқош Тұраров болса бәсекелесі Айсак Ариені (Гана) 4 раундта жайратып салды.

Жәнібек Әлімханұлы Милтон Нуньеспен (Колумбия) өткен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін айқын жеңіспен аяқтады.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір