• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

30 Қазан, 2016 Қазақ дауысы

ҚОРҚЫТ ӘУЛИЕНІҢ БАТАСЫ

Қорқыт әулиенің батасы

Қорқыт әулиенің батасы

 

Ертеде қазақта Қорқыт деген аузы дуалы бір қарт өтіпті, сол кісімен замандас Бөрі деген әрі бай, әрі би өткен екен. Сол би бала көрмей жүріп, бір жылы ұлды болады. Бұған жарыла қуанған Бөрі би ырым ғып баласының атын Қорқьгг атаға қойғызады, соңдағы Қорқыт атаның батасы мынау екен:

Сөзімді тыңда Бөрі бай,

Тәңірі саған ұл берді.

Жастайынан бақ қонып,

Ұзын болсын өмірі,

Баса берсін ілгері,

Қолынан туы түспесін!

Талықпасын білегі!

Ел қорғайтын ер болсын,

Мұсылманның тірегі.

Аспақ болып барса қарлы тау,

Бөгемей асу берсін!

Өтпек болса қанды өзен,

Бөгемей кешу берсін!

Ұран сап жауға шапқанда,

Жолын тәңірі ондасын!

Жаратқан ием Бамысқа

Жар болып өзі қолдасын!

Батырдың қайрат күшіне

Еш көлденең болмасын!

Баланың аты Байшұбар –

Аты Бамыс Байрақ болсын,

Атын мен қойдым,

Жасын Алла берсін!

Бамыс Байрақ арыстандай азамат болып, жауын жеңіп оралғанда Қорқыт Ата тағы да былай бата берген екен:

 

* * *

 

Қара тауың құламасын,

Бәйтерегің жығылмасын.

Ақсақалды бабаңның

Топырағы торқа болсын.

Ақжаулықты анаңның

Жатқан жері жәннат болсын.

Ұлың менен бауырыңнан Құдай айырмасын,

Ақырғы күніңе иманың жолдас болсын.

Әумин дегендер Тәңірдің жүзін көрсін.

Аты ардақты Мұхаммедтің құрметі үшін,

Қүнәларынды Құдай кешірсін!

 

* * *

 

Қара тауға жолықсаң асу берсін.

Қаңды суға жолықсаң кешу берсін.

Ерлік істеп бауырыңның кегін алдың,

Құдіретті Оғыз бектерін ауыр жүктен құтқардың,

Жаратқан Алла жүзінді ақ қылсын.

Өлім уақыты келгенде иманнан айырмасын,

Күнәмізді Аты ардақты Мұхаммед

Мұстафаның құрметіне Құдай кешірсін!

 

* * *

 

Елші ердің төрт құбыласы тең болсын!

Елде-кісі, сыртта бүтін ел болсын!

Наны-тұзы, ішер асқа бай болсын,

Киім-кешек, бес қаруы сай болсын.

Әскер басы талай істі меңгерсін,

Жауға шапса, сол білгені дем берсін.

Бек білімді ақылды, адал болсын, ақ болсын,

Парасаты, ақылы ізгілерге жақ болсын!

Бек бесеуден бойын аулақ қылсын,

Білсін сонда, басынан құс ұшпасын.

Жақсылардың ісін Құдай оңдасын,

Құт дарытып, ырыздық беріп қолдасын.

Біліп сөйле, сөзіңде сөл, өң болсын,

Сөзің түпсіз қараңғыға көз болсын!

Тауып сөйле сөзің оңды, жөн болсын,

Сөзің, басыр адамдарға көз болсын!

Ел сайлады – қылық, ісің сай болсын!

Көңіл, діл, іс, сөз шындығы-сый болсын.

Содан халқы білсін бектің бағасын,

Бегі игі боп, атақ даңқы тарасын.

Тірлігіңде ізгілік көп болсын,

Еншісін ал, құр өткен күн жоқ болсын!

Көп сөйлеме, сөзің су боп кетпесін,

Жұрт зерігіп, сөзден жапа шекпесін!

Босқа қарап әр нәрсеге телміріп,

Құр қалып, ғаріп боп өмір өтіп кетпесін!

 

Болат Бопайұлы Жота Қажы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір