• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:19:53
Алматы
+35°

Атаң түркі, қазағым,

Көп болады азабың.

Алдынды Алла ашық қылсын,

Ала апаттан қашық қылсын.

Жортқанда жолың болсын

Жолдасың Қызыр болсын.

Қиын таудан көшің жүрсе құламасын.

Қара құйын жер-жүзінде соққанда,

Еш дүниең қирамасын.

Ағынды өзен қанша арқырап ақса да,

Өздеріңе өткел мен кешу берсін.

Ағынды су ішіп, көкірегің қайғысыз болсын,

Көңілің уайымсыз болсын,

Қарашоқпар сойылың болсын,

Аттың үсті ойының болсын.

Қар үстінде туған балаң өлмесін,

Саған қас қылғандар дүниеде оңбасын!

Дүниеде екі көзі бозарып өтсін,

Түлкі құрсақ боп қарны бір тоймасын!

Тіміскілеп, тінтігенін қоймасын.

Қазаққа ұлылық дарып, абыройын жоймасын!

Аллауһуакбар!

 

Болат Бопайұлы Жота Қажы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір