• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
19 Қазан, 18:58:32
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

30 Қазан, 2016 Дәстүр

ЖҮКТІ ӘЙЕЛ СИЫР ЕТІНЕ ЖЕРІК БОЛСА...

Қазақ – ауыр аяқ әйел сиыр етіне жерік болса, кейін туылған баласы сиырдай күшті болады. Зор денелі келеді, адуын азамат болып ер жетеді деп нанады. Сиыр...

Қазақ – ауыр аяқ әйел сиыр етіне жерік болса, кейін туылған баласы сиырдай күшті болады. Зор денелі келеді, адуын азамат болып ер жетеді деп нанады. Сиыр етінің жерігінен туылған бала өңі суық, мінезі қырсық, бірақ ішкі әлеті жылы, сезімі ыстық болады. Егер мұндай адамға әлдебіреулер көңіліне қарамай қарсы келсе, ол қарсы жағын мүлде мүсіркемейді. Бұқадай бұрқырап, сиырдай шайқап, мүйізді сөзбен аямай іреп-іреп тастайды. Ол адамды екінші ары іздемейді. Тіпті, ат кекілін кесісіп, одан біржола бойын аулаққа салып, қол үзісіп кетеді. Қарсы жағы оның алдына кешірім сұрап келсе де, мінезі қатқылданып, оңай-оспақ иілмейді. Тез сына салмайды. Қатқыл келеді. Соған қарап кейбір адамдар бұларды «қырсық мінезді» деп жатады.

Қазақта «сиыр судан жаралған», «сиыр пірі – зеңгі баба», «сиырдай қыз», «бұқадай азамат», «сөзі сүзеген бұқадай», «сиырдай кимеледі», «сиырша күйседі», «енемнің сиырындай дәу қыз», «тана көзді», «тайыншадай момақан», «сиырдай өкіріп жылады», «сиырдан жығылсаң мүйізін тосады, жылқыдан жығылсаң жалын тосады», «сиыры барда қатық бар», «сауда – сауын сиыр тәрізді» деген теңеу сөз тіркестері төрт-түлік мал баққан малшы қауым арасында әр күні қолданылып жүрген үйреншікті сөздер. Бірақ, осы сөздер кейде адам мінезін де ашып көрсетеді.

 

Болат Бопайұлы Жота Қажы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір