• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 09:35:12
Алматы
+35°

30 Қазан, 2016 Дәстүр

ЖҮКТІ ӘЙЕЛ БӨРІ ЕТІНЕ ЖЕРІК БОЛСА...?

Қазақ – екі қабат әйел көкбөрінің етіне не жүрегіне жерік болса, кейін туылған баласы көкжал бөрідей қайсар, жаужүрек батыр болады. Ел қорғайтын ер, сөз...

Қазақ – екі қабат әйел көкбөрінің етіне не жүрегіне жерік болса, кейін туылған баласы көкжал бөрідей қайсар, жаужүрек батыр болады. Ел қорғайтын ер, сөз бастайтын шешен, қол бастайтын көсем, көреген көзді алып азамат болады деп ырым етеді.

Қазақ халқында осыған орай туған «көкжалдың тұқымы», «бөрі мінезді», «бөрі азығы жолда», «бөрі жеті күн жерден, бір күн елден азық алады», «қасқырға жеген атақ емес, қырған атақ», «бөрінің ұлығаны – тәңірге налығаны», «бөрідей шапты», «бөрібасты ұланым», «бөрі жүрген жерде шайтан жүрмейді», «бөрі шапқан қой семіреді», «бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан» деген сөз тіркестері бар.

Ал анасы осындай аты шулы жыртқыш аңның етіне жерік болып туылған бала батыр болмай кім болады. Қазақ мұндай жеріктен туылған баланың бітім-пішіні ерекше болады, өңі сұсты, өткір көзді, қанжар сөзді, дөңгелек жүзді, шымыр денелі, қарымды азамат болып өседі деп нанады. Көкбөрінің бойындағы барлық қасиет балаға дариды деп сенеді. Мұндай бала киелі, иелі болады. Ел ішінде қадірлі болып өмір сүреді. Халық құрметіне бөленеді. Ер жеткенде ер жүрек батыр болады. Қарсы келген жауларын апырып-жапырып жалғыз жеңеді. Елін қорғайды, елін сақтайды. Халқына жеңістік алып береді. Жаман мінезден аулақ болады. Адал жолда жүреді. Жойқын, ер жүгін көтереді, ел қамын жейді. Сол арқылы қымбаты артып, жалпақ жұрт арасында бет-беделі өседі. Ақыл-парасатты, толғамды, иманды азамат болады.

 

Болат Бопайұлы Жота Қажы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір