• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:20:34
Алматы
+35°

30 Қазан, 2016 Дәстүр

Бақбақ

Бақбақ гүл – гүлдің аты, дала гүліне жатады.

Бақбақ гүл – гүлдің аты, дала гүліне жатады.

Бұл гүл наурыз, көкек айларында және жаз айларында үлпілдек мақта тәрізді гүл ашады. Гүліне сәл жел тисе болды, үлпілдек мақта тәрізді гүл жүндері ұшып кетеді.

Қазақ оны «бақ-бақ», «бақбақ гүл» деп те атайды. Күрделі гүлдер тұқымдасына жатқызады, сарғалдақ гүлдерінің гүлдес туысы деп біледі. Оның үлпілдек гүлі жел тисе ұшып кететін қасиетіне қарап, оны қазақ «тозғанақ» деп те атайды.

         «Бақбақ» немесе «сарғалдақ» гүлін қазақ гүл бапкерлері көп зерттеген, ерте таныған. Бақбақ гүлі күрделі гүлдер туысы, көпжылдық шөптесін өсімдік. Бұл гүлдің сабағы қуыс, жапырақсыз тақыр, сүтті, шырынды. Жапырақтары қауырсын пішінді, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланып өседі. Гүлдері қос жынысты, түсі сары, сабақ ұшында тостағанша тәрізді дөңгеленіп орналасқан. Жемісі дәнек, желмен бейімделген. Жер шарында 100-ге жуық түрі өседі.

         Қазақтың байырғы емшілері бақбақ гүлін дәрі деп біледі. Жемісі пісуден бұрын қазып алып, жаңа күйінде немесе кептіріп пайдаланады. Бақбақ егістік арасында, жол жағасында, өзен сағасында өседі. Жер шарына ең көп көлемде тараған гүл. Бақбақтан жасалған дәрінің дәмі кермек, суық райлы, уытсыз. Бұл дәрі ыстықты басады, уытты қайтарады, ісікті қалпына келтіреді. Омырау безінің, көз дәнекер безінің қабынуына, теріскенге, бадамша безінің жедел қабынуына, өтке пайдаланылады.

         Қазақ балалары наурыз, көкек айларында алғаш бақ-бақ гүл жарып, көктеген кезде гүлді үзіп алып, оның үлпілдек гүлін үрлеп, «бақа-бақа бақ-бақ, теке-теке тек-тек» деп ойнайды.

 

Болат Бопайұлы Жота Қажы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір