• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:34:12
Алматы
+35°

30 Қазан, 2016 Дәстүр

Боз ермен

Боз ермен – гүлдің аты, дала гүліне жатады.

Боз ермен – гүлдің аты, дала гүліне жатады.

Қазақтың гүл танушы зерттеушілері боз ерменді күрделі гүлдер тұқымдасына жатқызады. Ол көпжылдық шөптесін өсімдік. Бой биіктігі 50-100 сантиметр шамасында. Сабағы түксіз, тың өседі. Жырашықты, көп бұтақты, түсі көкшіл не сарғыш жасыл түсті. Жапырағы сағақсыз, бүтін жиекті, таспа тәрізді не қандауыр формалы, кезектесіп орналасады. Шоқбас сары гүл шоғыры шар тәрізді болып өседі, күрделі шашақ тәрізденіп, ретті орналасады. Гүлі түтікше тәрізді сары түсті болады. Биік таудың күнгей беттерінде өседі. Жер шарында ең көп, ең көлемді тараған өсімдіктер санатына жатады. Аса құнды әрі бағалы дәрі шөп тізіміне қосылады. Қазақтың көне емшілері боз ерменді дәрі деп қарайды. Оның жер үсті бөлімі дәріге қолданылады. Жаз маусымында гүл ашудан ілгері орып алып, көлеңкеде кептірген кезде ғана турап қолданады. Қалған уақытта құрғақ, таза, күн түспейтін жерлерге дәрі қоры ретінде сақтап қойды. Боз еременнен жасалған дәрілердің қасиеті – ащы дәмді, жылы райлы. Желді, суықты шығарады. Суық тұмауға, жөтелге ем болады.

Қазақтың әдеби тіл өнерінде «боз ермендей шөп қайда, боз даладан табылар», «ерменді жерде ер қалар, жалбызды жерде жан қалар», «ермен жеген ешкідей иісі мөңкіп тұр» деген сөз тіркестері бар.

Қазақ малшылары ерменді қыз оты деп санайды. Күзді күні ермен піскен кезде оған жайылған малдың еті мен сорпасы әр алуан аурудың таптырмас дәрісі. Мал сорпасы ерменді тосап болды деп қарайды.

 

Болат Бопайұлы Жота Қажы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір