• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:54:11
Алматы
+35°

30 Қазан, 2016 Дәстүр

ОШАҒАН

Ошаған – гүлдің аты, дала гүліне жатады.

Ошаған – гүлдің аты, дала гүліне жатады.

Қазақ бұл гүлді «ошаған гүл», «кәрқыз» деп екі түрлі атпен атайды. Қазақ гүл танушылары ошағанды күрделі гүлдер тұқымдасына жатқызады. Біржылдық шөптесін өсімдік деп қарайды. Жапырағы бүтін жиекті не ара тісті, бір үйлі, кезектесіп орналасады. Аталығында 5 аналық гүл себеттері болады. Тұқымы ұзынша, екі бүйірі қысыңқы, қос тұқымды, жаңғақша. Тың сабақты, көп бұтақты, тікенді келеді.  Жер жүзінде 25 түрі бар. Ең көп, ең көлемді тараған, даңсалы өсімдіктер санатына кіреді. Тамыз, қыркүйек айларында гүлдейді. Тұқымы сұр жасыл түсті болады. Ошаған құрамында йод көп. Сондықтан «дәрі шөп», «дәрі гүл», «ем гүл» деп атаған.

Ошағанның тағы бір түрі – оның бой биіктігі 1-2 метр шамасында болады. Тамыры жуан, тұмар тәрізді келеді. Оның көп шашақ тамырлары болады. Сабағы тың өседі. Жоғарғы жағынан бұтақшалары өсіп шығады. Түп жағындағы жапырағы топтасып өседі, жапырағы өте үлкен келеді. сопақша жұмыртқа формалы. Бәрі де шашақты келеді. Шоқтас гүлі басында өседі, қызыл күрең түсті. Сыртқы басы гүл, ортаншысы шар тәріздес болады. гүл ораншысының ұш жағы ілмек, ине тәрізді. Тұқымша жемісі сопақтау, төңкерілген жұмыртқа формалы, сұрғылт түсті. Егіс атыздарында, жол жағаларында, арық бройларында, жазық шөпті жерлерде, қоныс маңында көп өседі. Ошағанның  тамыры, жапырағы, сабағы, жемісі, тұқымы дәрі болады. күз маусымында тамырын қазып алып, күнге кептіреді, жұмсартып турайды, жазда жапырағын жастай не кептіріп пайдаланды, дәрілік қорға сақтайды.

Ошағаннан жасалған дәрілердің қасиеті – ащы әрі кермек, суық райлы, уытсыз келеді. Өкпені тазалайды, қызылшаны сыртқа шығарады. Жұтқыншақ қабынуын емдейді, уытты қайтарады. Тұмау, жөтел, көмекей, жұтқыншақ ісіп ауырғанда, қызылша шыға бастағанда, қарт адамдардың тарамысы тартылып, сүйегі сырқырап ауырғанда, бет-ауыздың ісуіне, омырау безінің қабынуына, қалқанша безінің ісігіне ем болады. Қазақтың әдеби тіл өнерінде: «Ошағандай жабысып алды», «кәріқыздың тікеніндей» деген сөз тіркестері бар.

«Есік алды ошаған,

Ұстатпайды қашаған.

Қайта айналып келгенше,

Аман болсын босағам», (сыңсу)- деген өлең жолдары бар.

         Ен далада еркін көшіп, таңдаған құтты қонысына қонған қазақ халқының есік алдында, іргесінде ошаған гүлі өсіп-өніп тұратыны анық.

 

Болат Бопайұлы Жота Қажы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір