• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:02:10
Алматы
+35°

30 Қазан, 2016 Дәстүр

Он саны

Он дегеніміз - он шүкірлік:

Он дегеніміз - он шүкірлік:

1. Адам болып туылғаныңа шүкірлік.

2. Денеңнің саулығына шүкірлік.

3. Аман-есен жүргеніңе шүкірлік.

4. Алланың адал ырыздық бергеніне шүкірлік.

5.Алланың дені, тәні сау бала бергеніне шүкірлік.

6. Алланың ақыл-парасат бергеніне шүкірлік.

7.Алланың бергеніне де шүкірлік.

8.Алланың алғанына да шүшкірлік.

9. Қарайған халқыңа шүшкірлік.

10.Адал жолмен жүрген ханыңа шүкірлік.

 

Он тәуба:

1. Қолында барға тәуба.

2.Өткізген күніңе тәуба.

3.Айтылған ғайбатқа тәуба.

4.Алла берген балаға тәуба.

5.Басыңдағы панаңа тәуба.

6.Қасындағы жарыңа тәуба.

7.Кем-кетік адамды көргенде тәуба.

8. Қайыршыны көргенде тәуба.

9.Зұлымды көргенде тәуба.

10.Зекет бергенде тәуба.

 

Он сабыр:

1.Қайғы-қасіретке сабыр.

2.Өлім-жітімге сабыр.

3.Жоқшылыққа сабыр.

4.Ашу-ызаға сабыр.

5.Ауру-сырқауға сабыр.

6.Сағынып-сарғаюға сабыр.

7.Астамшылыққа сабыр.

8.Асып-тасуға сабыр.

9.Асығып жүруге сабыр.

10.Ауызға сабыр.

 

Алла Ашураньщ оны күні он пайғамбарға жақсылык жасаған:

1.Адам ата мен Хауа ананың күнәларын кешірген.

2. Нұх пайғамбардың кемесін топан судан құтқарған.

3. Ибраһим пайғамбарды дүниеге әкелген.

4. Ыдырыс пайғамбарды жұмаққа кіргізген.

5. Мұса пайгамбарды Перғауыннан құтқарған.

6.Ғайса пайғамбарды көкке ұшырған.

7.Әйіп пайғамбарды ауруынан сақайтқан.

8.Сүлейменді патшалық таққа отырғызған.

9.Жүніс пайғамбарды балық қарынынан шыгарған.

10. Жүсіп пайғамбарды зынданнан қүтқарған.

 

Болат Бопайұлы Жота Қажы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір