• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:10:14
Алматы
+35°

31 Қазан, 2016

Қайрат Нұртас көлік апатына ұшырағанына қарамастан Қазалыда концерт өткізді (ФОТО)

Танымал әнші Қайрат Нұртас Қызылорда облысы Қазалы ауданында өтетін концертінің алдында жол апатына ұщыраған, - деп хабарлайды

Танымал әнші Қайрат Нұртас Қызылорда облысы Қазалы ауданында өтетін концертінің алдында жол апатына ұщыраған, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл туралы әншінің анасы, продюсері Гүлзира Айдарбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы хабарлады.

«Иә, расында Қайрат көлік апатына ұшырады, тура осы көлікте. Бірақ аман. Аяқтарына сəл зақым келген, Алла қолдап əйтеуір сынбаған. Екі аяғын таңып алып,  Қазалыда халыққа еш білдірмей əнін айтып кетті.Бəріңіз есітіп сұрап жатыр екенсіздер, инстаға кірсем халық уайымға салыныпты, сол себепті жауабымды беріп, сіздерді уайымсыз болсын деп жазып отырмын. Əуелі Аллаға, сонан соң тілеуін тілеген сіздерге аналық жүрегіммен алғысым шексіз! Сіздердің əрбір дұғаларыңыз Алланың құлағына шалынып, Қайраттарыңыз осындай апаттан тағы да аман қалды.Менің де тілерім: əрбіріңіздің ұл-қыздарыңызға тек амандық, отбасыларыңызға қуаныш!» - деп жазды Г. Айдарбекова Инстаграмда.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір