• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:06:31
Алматы
+35°

31 Қазан, 2016 NEWS

Эмомали Рахмон бульдозер жүргізді

Тәжікстанда Вахш өзеніндегі Рогун су электр станциясының құрылысы ресми түрде басталды. Бұл туралы

Тәжікстанда Вахш өзеніндегі Рогун су электр станциясының құрылысы ресми түрде басталды. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.  Салтанатты шараға ел президенті Эмомали Рахмон қатысып, ол бульдозер рөліне отырып, өзен арнасын бұрып, су қоймасын жасау үшін бір жарым сағат бойы қиыршық тас төккен.

1 шілде күні Тәжікстан үкіметі италиялық Salini Impregilo S.p.A. компаниясымен құны 3,9 млрд. доллар болатын шектелмелі келісімге қол қойды. Алғашқы екі турбинаны іске қосу 2018 жылдың екінші жартысына жоспарланған.

тәжік көшбасшысы салтанатты жиында «Ата-бабаларымыздың игі дәстүрін жалғай отырып, көршілерімізді ешқашан сусыз қалдырмайтынымызды толық жауапкершілікпен мәлімдеймін», - деп мәлімдеген.

Сондай-ақ, Тәжікстан басшысы нысанның өзен сағасы елдеріндегі пайдаланатын жерлерді суландыруды да жүзеге асыратынын хабарлады.

Айта кетсек, Өзбекстан Рогун ГЭС құрылысына түбегейлі қарсы, олар сейсмикалық қауіпті аймақтағы тоғанның Әмудария сағасындағы халыққа қауіпті екенін және су қоймасы құрылысынан егін суаруға су жетпей қалатынынан алаңдайды. Егер жоба жүзеге асса, әлемдегі ең биік (335 м) тоған болады және оның іске қосылуы елдегі энергияның жетіспеушілігі мәселесін шеше алады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір