• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:19:12
Алматы
+35°

31 Қазан, 2016 Саясат

Жириновский: «Ешкім Ердоғанды төңкере алмайды» (Видео)

Ресейдің ЛДПР партиясы төрағасы, сайқымазақ саясаткер Жириновский Еродғанды «Өз адамымыз, оны төңкеріп тастауға ешкімнің де батылы жетпейді» деп...

Ресейдің ЛДПР партиясы төрағасы, сайқымазақ саясаткер Жириновский Еродғанды «Өз адамымыз, оны төңкеріп тастауға ешкімнің де батылы жетпейді» деп мәлімдеген. Бұл туралы «Қамшы» порталы түріктің Миллиет газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Газеттің жазуынша, Ресейдің мемлекеттік телеарнасы «Россия 1» арнасында таратылатын «Воскресный вечер» хабарына қатысқан Жириновский, «Біз Түркиямен қатысты халықаралық саясатқа араласуымыз керек. Ердоғанға көмек беруге тиіспіз. Ердоған біздің адамымыз, оны төңкеруге ешкімнің де батылы жетпейді» деген.

Ол өз сөзінде, «Оңтүстік шекараны(Түркияның шиеленісті аймағы оңтүстік-шығыс шекарасы) Ердоғанға аманат етейік. Түркия Сирия мен Иракка қалауынша саясат жүргізсін. Содан соң Иран да біздікі болады» деген.

Еске сала кететін болсақ, Шілде айында Түркияда болған төңкеріс әрекеті кезінде Жириновский "Ердоғанды атып тастағанда ғой" деп мәлімдеген еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір