• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:40:13
Алматы
+35°

31 Қазан, 2016 Саясат

АҚШ дипломаттарының отбасыларына Ыстамбұлдан кету туралы тапсырма берілді

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Ыстамбұлдағы бас консулдық қызметкерлерінің отбасыларына қаланы тастап шығу туралы бұйрық берді, - деп хабарлайды

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Ыстамбұлдағы бас консулдық қызметкерлерінің отбасыларына қаланы тастап шығу туралы бұйрық берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл туралы Мемлекеттік департамент сайтында жарияланды.

Мұндай әрекетті АҚШ билігі американдықтарға шабуыл жасалу қауіпімен түсіндіріп отыр. Бұған дейін Түркияда жүрген АҚШ азаматтарына халық тығыз шоғырланған орындарға бармау туралы кеңес берілген болатын.

«Ыстамбұлдың АҚШ азаматтары жиі баратын, мекендейтін орындарда экстремистік топтардың шабуыл жасауға бағытталған агрессивті әрекеттері жалғасуы туралы ақпараттарға байланысты Мемлекеттік департамент осындай шешім қабылдады», -делінген ол хабарламада.

Сонымен қатар, хабарламада бұл тапсырма тек Ыстамбұлдағы Бас консулдыққа ғана қатысты екендігі, Түркиядағы басқа дипломатиялық өкілдіктерге бұл тапсырманың міндеттелмейтіні айтылған.

Ведомство сондай-ақ, Түркияда соңғы уақытта болған лаңкестік әрекеттер мен ұсталған, тұтқындалған американдықтардың консулға хабарласу мүмкіндіктерін шектеу оқиғаларына да назар аудартқан. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір