• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:10:11
Алматы
+35°

31 Қазан, 2016 NEWS

ҚЫТАЙДЫҢ ІШКІ МОҢҒОЛИЯ ӨЛКЕСІНДЕ ШАРУАЛАР ЕРЕУІЛГЕ ШЫҚТЫ (ВИДЕО)

Қытайдың Ішкі Моңғолия аймағында жергілікті шаруалар жерлерін қорғап, ереуілге шығуда, - деп хабарлайды

Қытайдың Ішкі Моңғолия аймағында жергілікті шаруалар жерлерін қорғап, ереуілге шығуда, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл туралы Ішкі Моңғолия Адам құқықтары жөніндегі ақпараттық орталығы хабарлады.

Қазанның 17-нен бері наразылық білдіріп жатқан малшылар қытайлық COFCO Group ұлттық корпорациясының осыған дейін шаруалар пайдаланып келген жайылым жерлеріне шошқа фермасын салуына қарсылық білдіруде. Шаруалар бірауыздан қытайлық кәсіпорын жайылым жерді заңсыз иеленіп кетпек деп отыр.

Ішкі Моңғолияның шығысында орналасқан Онгиуд хошуу, Хайлаас қалашықтарынан және Сандаг гацаа елді мекендерінен келген жүзден астам шаруа компанияның құрылыс алаңына жиналған.

Ереуілшілер қолдарына «Бұл біздің жеріміз! Ата-бабаларымыздан қалған жерлер келер ұрпаққа да қалуы керек!», «Біз, моңғолдар, біріксек – мықтымыз!» деген ұрандар ұстаған.

Ақпарат орталығы таратқан хабарламада ереуілшілер «Жерімізді Құдайдың өзі сұраса да бермейміз!» деген талап қойып жатқаны айтылады. Орталық бұл сөздің тарихи ұран екенін, кезінде Жоңғар империясын маньчжур шапқыншылығынан қорғаған моңғолдардың ұлттық батыры Галдан Бошигт ұран еткенін еске салуда.

Шаруалар сондай-ақ, қытайлық компанияның бұл бастамасы тек малшыларды ата қонысынан айырып қана қоймай, қоршаған ортаға да зиянын тигізетініне алаңдаулы.

Негізгі нысандары Шаньдун провинициясында орналасқан COFCO компаниясы тағам өнімдерін шығарумен айналысады және аталған аймақта бірнеше миллион шошқа өсіруге мүмкіндік беретін алып ферманың құрылысын бастап та кеткен.

Ақпарат орталығы ереуілшілерге қарсы полиция жасағы мен арнайы техника қолданылғаны, бірнеше шаруаның соққыға жығылғанын да хабарлады. 

Darkhan Muqantegi

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір