• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:42:10
Алматы
+35°

31 Қазан, 2016 Айтты-ей, бауырың!

Тағы да қымбатшылық... Тәуелділіктен қашан арылар екенбіз?

Бүгін доллар тағы қымбаттады. АИ-92 маркалы бензин бағасы да ұшты. Азық-түлік, киім-кешек, қызмет көрсету бәрі-бәрі удай... Бізде не арзан өзі?

Бүгін доллар тағы қымбаттады. АИ-92 маркалы бензин бағасы да ұшты. Азық-түлік, киім-кешек, қызмет көрсету бәрі-бәрі удай... Бізде не арзан өзі?
Мұнайлы ел бола тұра, әлі күнге өзгенің бензиніне тәуелдіміз. Миллионнан астам тонна бензин, 500 тонна дизельдік отынды Ресейден жыл сайын сатып аламыз. Оларда мұнай өнімдеріне баға бұрқ етсе, біздің ішіміз қылп ете түседі... 25 жылдан бері үш НПЗ-мыз әлі модернизациядан өткізіп жатырмыз. 25 жылдан бері 17 млндық шағын нарығымызды өз бензинімізбен қамтуға шамамыз жоқ. 25 жылдан бері орыстың бензиніне тәуелділіктен арыла алмай келеміз. Олар өссе -өсеміз, көшсе - көшеміз... Неткен бейшаралық! 

Экономикалық-идеологиялық тәуелділіктен қашан арылар екенбіз...

Дина Төлекова

​Facebook парақшасынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір