• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:32:34
Алматы
+35°

01 Қараша, 2016 Әдебиет

Олжас Сүлейменов: Тәуелсіздік жылдарында бір теңге де қаламақы алып көрмеппін

Бүгін Алматы қаласында ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен...

Бүгін Алматы қаласында ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына депутаттар берген түзетулерді қарау бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы.

Отырысқа еліміздің мәдениет және қоғам белсенділерінің біразы қатысты. Солардың ішінде саясаттанушы Дос Көшім, Әзімбай Ғали, театр өнері саласынан Есмұхан Обаев, Асанәлі Әшімов, жазушылардан Нұрлан Оразалин, Олжас Сүлейменов сынды  қазақтың біртуар азаматтары ой бөлісіп, жаңа заңға қатысты өз пікірлерін ашық білдірді. Жиында талқыланған ең үлкен мәселелердің бірі жазушылар қаламақысының көлемі жайында болды.  Жиынға арнайы дайындалған видесюжетте сөз сөйлеген жас ақын Олжас Қасым  біраз адамды мазалап жүрген қаламақы мәселесі туралы ой білдіріп, былай деді:


Олжас Қасым: Менің кітабым 2012 жылы «Жалын» баспасында «Жас Толқын» сериясымен 2000 данамен шықты. Кітаптың қаламақысы мәселен менікі бес баспа табақ болса, әр баспа табаққа 25 мың алдым. Оның өзінде кітаптың бір данасын ғана қолға тегін береді, қалғанын өзім сатып алуға мәжбүр болдым.

Осы пікірден кейін өз ойын білдіруге сөз алған ақын Олжас Сүлейменов өз ұсынысын айтып, жас Олжастардың қаламақысы жөнінде өткір ой білдірді:

 «Кітап  мемлекеттің қорғауында болуы тиіс!  Жаңа жас ақын Олжас  сұхбат берді, менің аттасым. Біз мына жас Олжасқа әдебиетте қандай мұра қалдырдық?! 25 мың теңге ол шығармасына алды, бес табақ баспа, 100-ден аса бет, жас ақынның осы уақытқа дейін жазған туындысы, шығармашылығы. Осы алған 25 мың теңгенің бәрін де ол өз кітабын алуға жұмсады. Ары қарай шәй-тұзына не қалдырды?! Біздің нарық алып-сатудан ғана тұрады, басқа ештеңе жоқ. Мынандай жағдайда бірінші зардапты кітап шегеді. Халық қымбат кітап ала алмайды, ал арзан кітап жоқ. Кеңес Одағы кезіндегі кітап  тарату жүйесі , жазушыларды қамтамасыз ету жағдайы, жазушылар одағының қоры баспанамен, қаламақымен қамтамасыз етті, ал қазір оның бірі де жоқ. Мен 25 жыл ішіндегі жаңа билік кезінде бірде-бір рет бір теңге  қаламақы алған емеспін, осы уақыттар ішінде менің біраз кітаптарым шықты. Енді, ойланыңыз жетекші жазушылардың бірі саналатын мен  бір теңгеде ала алмадым, ал мына енді бастап келе жатқан Олжастар жайлы не айтуға болады?!  Мен басқа да мемлекеттік қызметтерді атқарып, басқа жалақылар алдым. Бірақ, мен кәсіби жазушы ретіне өз еңбекақымды алғым келді. Бірақ, қазір жазушы маманы сызылып тастады. Қазір тіпті олар жоқ. Кәсіби мамандар жоқ, тек сүйікті іс ретінде айналысатындар ғана бар. Олардың өзі шығармаларының басылғанын көріп, туған-туыс, таныстарына мақтан үшін таратса, соған да мәз.  Және бұдан 20-шы ғасырда  ғана хатқа түскен қазақ әдебиеті қатты зардап шегіп отыр, енді қайта фольклорға айналып барады. Бұл не деген сұмдық?! 25 жылдағы жетістігіміз осы ма, менің ше бұл үлкен орны толмас жоғалту. Біз және осындағы заңды тұлғалар  «Қазақ әдебиетін түбірімен қалай жоймау керек» деген нәрсеге алаңдау керекпіз.  Орыс әдебиеті өлмейді. Ал, енді ғана жазуды бастаған қазақ әдебиеті үлкен соққы алды.

Мен жақында Еуропада Франция, Италья елдерінде болдым. Олардың тәжірбиесін қарап отырсақ,  «Чампи заңы»бойынша Итальяның барлық жеке  меншік банктері табыстарының белгілі бір пайызын Римде орналасқан қоғамдық  мәдени ұйымдарға бөлуге міндетті.  Олардың жалпы саны 80-ге жетеді. Әр кішкентай қаланың өз бөлімшесі бар. Сондықтан жүз мыңдық Порденоне жыл сайын мәдениет министрінің көмегінсіз-ақ акциялар мен фестивальдер өткізе алады. Осының арқасында олар әдебиет пен мәдениетте, классикалық мәдениетте біраз жетістіктерге жетті»- деп түйіндеді сөзін Олжас мырза.  Сөз арасында жұмыс тобына жетекшілік етіп отырған Бекболат Тілеухан 25 мың теңге қаламақыға  бір бәтеңкенің құнына да тұрмайтын ақша бөлініп жатқанының мүлдем ұят жағдай екенін және осы туралы заңға өзгерістің керек екенін айтты

Қортынды сөз кезегін алған  Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исатайбекқызы былай деді: «Қазақтың арық айтып, семіз шық» деген сөзі бар, сіздерге тарқатып айтсақ бұдан былай мемлекет қандай да бір редакцияға келіп отырған жазушының шығармасын қоғамға, руханиятқа керек деп таныса, автордан сатып алып, сол шығармасына қаламақы төлейді. Бүгінгі үкіметтің жасаған жобасы бойынша гонорар құны бір баспа табаққа 150 мың теңге болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір