• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:07:27
Алматы
+35°

01 Қараша, 2016 IT

Алматы көшелеріне жаңадан мыңнан астам бейнекамера орнатылады

Келесі жылы Алматы жолдарында 1000-нан астам видеокамера орнатылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің, Мемлекеттік қызмет істері және...

Келесі жылы Алматы жолдарында 1000-нан астам видеокамера орнатылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Ішпекбаевтың, әкімдік, орталық меморгандардың аумақтық департаменттері және «Нұр Отан»  партиясы өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет мәселелері бойынша өткен мәжіліс барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, жолдарда полицейлермен байланысты болдырмау аясында 2017 жылы қала көшелері бойынша мыңнан астам видеокамера орнатылады. 
 А. Ішпекпаев елдегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық статистикасын жариялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген саясаттың арқасында Қазақстан осы бағытта көрсеткішті жақсартып жатқанын атап өтті. «Жемқорлық тақырыбы мемлекетті ғана емес, қоғамды да алаңдатуда. Бұл күллі елдің проблемасы.

Әлемде 123-ші орындамыз. Бұл жемқорлық деңгейі елде жоғары дегенді білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың арқасында 2014-2016 жылдары 17 сатыға көтерілдік», - деді ол.

«Соңғы 1 жыл 9 айда 660 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды. Осылайша, өткен жылы бюджетке 3,5 млрд. теңге келіп түсті. Агенттік төрағасының орынбасары атап өткендей, көрсетілген мерзімде айыппұл төлемейтін қызметшілер бас бостандығынан айыру түрінде жазаға тартылады. Осы кезеңде 924 мемлекеттік қызметшінің мүлкі тәркіленді, 1210 - өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір