• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:54:51
Алматы
+35°

01 Қараша, 2016

Асанәлі Әшімов: Экраннан бес минут бойы сүйістіріп қоятын киноларды қысқарту керек

Бүгінгі Алматы қаласында өткен «Мәдениет бойынша заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы» жиында қазіргі театрлардың жағдайы талқыға салынды. Онда...

Бүгінгі Алматы қаласында өткен «Мәдениет бойынша заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы» жиында қазіргі театрлардың жағдайы талқыға салынды. Онда еліміздегі кейбір театрлар мен кітапханалардың мемлекет рұқсатынсыз жабылып жатқаны талқыға салынды. Және бұдан кейін театр орындары ашылса және жабылуы тиіс жағдай болса мәдениет министрлігінен рұқсат алса деген ұсыныс айтылды.  Сонымен қоса БАҚ өкілдері мен халықтың сұрауы бойынша, кинодағы бейәдеп сөздерге тыйым салу туралы заңда талқыға салынды. Осы орайда ҚР еңбек сіңірген театр әртісі Асанәлі Әшімовке сөз кезегі беріліп, абыз әртісіміз былай деп әзіл-шыны аралас пікір білдірді:  

 Олжас екеуміз сексен жыл бойы заңсыз жұмыс істеп келе жатыр екенбіз. Сонда да өнер үшін еңбек етіп, шығармашылықпен айналыстық. Ал қазір заң басқа, бізге нақты заң керек.  Кей жағдайда ғана өзгерістер енгізбесек. Ал кинодан цензуралы сөздерді алу деген заң бар екен. Ондағы эмоцияны білдіретін кино тілін қысқарту, бүркіттің тырнағын алумен бірдей.    Жаңа филологтар тарпынан айтылған ер адамның, әйел адамның жыныс мүшесіне қатысты сөздерді алып тастау керек деген пікірге қолдау білдіремін.  Қазіргі жастар өмірдегі төсек пен өнердегі шығармашылықты шатастырып алып жатады, экран алдында бес минут бойы  сүйістіріп қоюды доғару керек. Ондай киноларды әйеліңмен көрерсің жарайды, ал бала-шағамен қалай қараймыз?! Сондықтан осы жағын заңдастырған дұрыс болар.

 Жоғарыда айтылған ұсыныстарға қарсы шығушылар болмады, енді бұл заңдар үкіметте талқыға салынып, билік бір шешім шығаратын болып тарасты.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір