• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:08:47
Алматы
+35°

01 Қараша, 2016 Айтты-ей, бауырың!

Биыл да жаңа жылға Тәуелсіздік күнінен бұрын дайындаламыз ба?

Ертең - қарашаның бірінші күні. Себебін білмедім, бірақ соңғы жылдары қараша айында билік Жаңа жылға дайындала бастайды. Әр қаланың дүкендеріне, жанармай...

Ертең - қарашаның бірінші күні. Себебін білмедім, бірақ соңғы жылдары қараша айында билік Жаңа жылға дайындала бастайды. Әр қаланың дүкендеріне, жанармай бекетілеріне, сауда орталықтарына аудандық әкімдіктерден «Қарашаның аяғына дейін шырша қойындар, Жаңа жылға дайындала беріңдер» деген бұйрық келеді. Аудандық әкімдіктерге әрине қалалық акиматтардан осындай бұйрық беріледі, ал, оларға - Астанадан, ішкі саясат бөлімінен сондай бұйрық келіп жатады.

Меніңше, биыл бұндай жаман әдетті тоқтату керекпіз. Биыл мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Желтоқсан оқиғасына 30 жыл, Жаңаөзен мен Шетпе оқиғасына 5 жыл толады. Қайдағы шырша қарашада? Мейлі, Жаңа жыл болмасын демейміз, болсын. Бірақ алдымен осы күндерді дұрыстап өткізейік. Сосын барып жаңа жылға 10 күн қалғанда дайындалып та үлгерерміз.

Президент әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстанның барлық әкімдіктеріне осындай ұсынысым бар. Ойланыңыздар!

Мұхтар Тайжанның Фейсбуктегі парақшасынан алынды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір