• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:57:20
Алматы
+35°

Qamshy.kz өткен күннің бірқатар оқиғаларына шолу жасайды.

ҚазАқпараттың жазуынша, Балқаштық лаңкестер 11 келі жарылғыш зат дайындаған. Қарағанды облысында лаңкестерді дайындау туралы қылмыстық істе фигуранттардың бірі тергеуге жәрдемдесіпті. Бұл туралы Адвокат Ғалым Нұрпейісов:

«Менің қорғауымдағы Ерлан Үсенов қатысушы екенін мойындады. Басынан бастап ол ұсынысқа күдікпен қараған.  Ұсталған сәттен бастап тергеумен ынтымақтаса жұмыс істеп, жәрдемдесті. Сондықтан тергеу уақытында процессуалдық келісімге келдік», - деп мәлімдеген.

Оның айтуынша, Қорғаушысы құпия орында сақталған барлық жарылғыш заттарды көрсетіп, айғақты дәлелдер берген. Адвокаттың айтуынша, жасырын орында 11 келі жарылғыш зат болған. «Бұл қылмыстық істің материалдары, әлі де зерделенді», - деген Адвокат, лаңкестік топты құруға не  итермелегенін анықтау қажет екенін айтты. «Біз бұл жағдайға не түрткі болғанын  анықтайтынымызға сенемін. Мұндай оқиға Ақтөбеде де, Алматыда да орын алды. Ең бастысы, болған оқиғаға не  себеп болғанын анықтау», - деп атап өткен Нұрпейісов.

***

Ал, Алматыда Тимирязев пен Марков көшелерінің қиылысында орналасқан "Алатау Гранд" бизнес орталығының маңында атыс болды, - деп хабарлады Tengrinews.kz. Атыс болған бизнес орталықтың ішінде "Сбербанк" пен ВТБ банктерінің бөлімшелері орналасқан.

Куәгерлердің айтуынша, атыс түскі уақытта болған. Банк бөлімшесінің күзетшісі бизнес орталықтың алдында атыс болғанын хабарлаған. Күзетшінің айтуынша, атыстан банк клиенті зардап шекті.

Еске сала кетсек, 25 қазанда Алматыда "ЦентрКредит Банктің" Мәншүк Мәметова көшесіндегі бөлімшесінде белгісіз адамдар күзетшіні соққыға жығып, травмитикалық қаруын тартып алып кеткен еді. Шабуылдан күзетші жеңіл жараланған. Полиция ол оқиға бойынша да "қарақшылық шабуыл" бабымен іс қозғағанымен әзірге қылмыскерлердің ұсталғаны туралы хабарланбады.

***

Tengrinews.kz-тің тағы бір хабарына сай, Таразда офицер әскери бөлімдегі бақылау камерасы алдында өзіне қол салған. Таразда әскери бөлім қоймасында өзіне қол салған 46 жастағы прапорщик болған. "№ 5513 әскери бөлімінің қару қоймасының аумағында 27.05.1970 жылы туған прапорщик Рапишев Үсен Тұрсынқұлұлы өзін жүрек тұсынан жаралады. Алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды", - делінген ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының хабарында.

Ақпарат бойынша, біраз уақыт бұрын артында төрт баласы қалған Рапишев жұмыстан шығарылған. Сонымен қатар, 46 жастағы Рапишевтің сол күні кезекші болғаны және өзіне бақылау камералары алдында қол салғаны белгілі болды.

***

«Қамшы» тілшісі оқырмандарға «қорғанысымыз қандай күйде?» деген сұрақ тастайды. Алматыда Күлекбаев ісінен кейін қорғаныстың «сары деңгейі» жарияланып, қауіпсіздік шаралары барынша қола алынған болатын. Соған қарамастан бір аптаның ішінде екі бірдей атыс болды...

Ал, Салафизмге заңмен тиым сала алмай жатқан мына күнімізде, лаңкестер емін-еркін ондаған кило жарылғыш зат дайындап жатқаны ненің нышаны? Олар мақсатына жетіп, бомбасын жара қалса не болар еді? Ел қорғайтын ерлерімізді айдың-күннің аманында өзіне қол салуға не итермелейді? Ал, бесіктен белі шықпай, балиғат жасына толмай балағы қысқарып, миы шайылып жатқан қаншама жастарымыз бар? Рухымыз не күйде?

Қорғаныс демекші, Ақорданың баспасөз қызметі кеше Президенттің Қорғаныс министрінің екі орынбасарын қызметінен босатқанын хабарлады. Мемлекет басшысының Өкімдерімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен;

Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылған. 

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір