• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:23:12
Алматы
+35°

01 Қараша, 2016 NEWS

Атыраулық тұрғын дүкеншіні балталап тастаған

Атырауда психикалық ауруға шалдыққан тұрғын дүкеншіні балталап тастады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды 

Атырауда психикалық ауруға шалдыққан тұрғын дүкеншіні балталап тастады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Іс материалдарына қарағанда, биыл 26 қазанында Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясы 1971 жылы туған азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасына санкция берген. Ол Атырау қаласының М.Өтемісұлы көшесі бойындағы "Аманжан" дүкенінің дүкеншісі, Өзбекстан Республикасының азаматшасын дүкен ішінде балта мен пышақ қолдану арқылы өлтірді деген күдікке ілінген.  

Күдікті 2-топ мүгедегі екені анықталған, сондай-ақ тергеушінің айтуынша, күдікті психикалық ауруға шалдыққан, мұны анықтау үшін Психо-неврология орталығына мәлімет сұрату хаты да жолданған.

Сот психикалық дертке шалдыққан азаматтарға бұлтарпау шарасы қолданылмайтынын ескере отырып, оның ауруы жөнінде нақты мәлімет белгі болғанға дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын қысқа мерзімге белгіледі.
.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір