• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 13:57:35
Алматы
+35°

01 Қараша, 2016 IT

«Қазақстан» ұлттық арнасына жаңа директор тағайындалды

2016 жылдың 1 қарашасынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Жанахмет Жәнібекұлы Ағыбаев &laquo...

2016 жылдың 1 қарашасынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Жанахмет Жәнібекұлы Ағыбаев «Қазақстан» ҰТА директоры қызметіне тағайындалды, - деп жазады kaztrk.kz.

Жанахмет Ағыбаев 1974 жылы 2 қарашада Қызылорда облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1998 жылы Қызылорда қалалық «Ақмешіт ақшамы» газетінде тілші болып бастаған. Кейін 1998-2000 жылдары аталған газетте жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.

Ал 2000-2002 жылдар аралығында «Қазақстан» ҰТА-да тілші, редактор, 2002-2006 жылдары «Хабар» агенттігінде тілші, 2006-2007 жылдары «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары, «Орал өңірі» газетінің бас редакторы болды.

Сонымен қатар, 2007-2008 жылдары «ҚазАгро» холдингі, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз хатшысы, 2008-2009 жылдары Алматы қалалық «Оңтүстік Астана» телеарнасының бас директоры, 2010 жылы Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас продюсері болып қызмет етті.

2010-2012 жылдары «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.

2012 жылдың қаңтар айынан бері «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір