• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 02:00:31
Алматы
+35°

01 Қараша, 2016 NEWS

Жазушылардың қаламақысы өсіп, шығармаларын мемлекет сатып алатын болды

Қаламгерлер үшін қуан сүйінші хабар! Келер жылдан бастап мемлекет жазушылардың жағдайына қараспақ. Яғни әдебиетшілерге бюджет есебінен қаламақы төленіп, ұрпақ...

Қаламгерлер үшін қуан сүйінші хабар! Келер жылдан бастап мемлекет жазушылардың жағдайына қараспақ. Яғни әдебиетшілерге бюджет есебінен қаламақы төленіп, ұрпақ тәрбиесіне қажетті деп танылған құнды кітаптары бес мың данамен басып шығаратын болды,- деп хабарлайды Qamshy.kz.

Төл әдебиетті дамытуға бағытталған бұл заң жобасын кеше  депутаттар мен мәдениет майталмандары талқылап жатыр. Су жаңа құжат сарапшылардың сүзгісінен кейін парламентке жолданады.

Мәдениет саласына тың серпін беретін жаңа заң жобасының Алматыда талқылануы бекер емес. Ақын-жазушылар шоғырланған, әдеби орта қашан да осы оңтүстік астанада болған. Құжаттың қабылдануына, әсіресе, қалам ұстаған қауым аса мүдделі. Себебі, бұл жолғы заңда жазушыларға бюджет есебінен қаламақы төлеп, шығармаларын тегін кітап етіп басып шығару  қарастырылған. Ол үшін мемлекет есебінен бір жарым миллиард теңге бөлу көзделіп отыр екен. 

Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исатайбекқызы

- «Қазақтың арық айтып, семіз шық» деген сөзі бар, сіздерге тарқатып айтсақ бұдан былай мемлекет қандай да бір редакцияға келіп отырған жазушының шығармасын қоғамға, руханиятқа керек деп таныса, автордан сатып алып, сол шығармасына қаламақы төлейді. Бүгінгі үкіметтің жасаған жобасы бойынша гонорар құны бір баспа табаққа 150 мың теңге болады.

 
Осылайша төл әдебиетті дамыту мәселесі енді заң арқылы реттелмек. Себебі, соңғы уақытта жазушы деген аттың қадір-қасиеті жоғалып барады дейді қаламгерлер. Атақ-даңққа алданып келген ақын-жазушыларды алаңдататын да сұрақтар бар. Мәселен, бюджет есебінен қаржыландырылып, қаламақысы төленген шығармаларға шектеу көп болуы мүмкін дейді жазушылар. Алайда заң шығарушылар ешкімнің аузына қақпақ қоймай қаламгерлерге шығармашылық еркіндік беріледі деп отыр.

Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаты

-Көп жағдайда дайын әдебиетті аламыз. Өйткені жазған кезде былай жаз деп айту конституцияға қайшы. Өйткені оның қаламына тұсау беру цензура болып кетеді. Ал цензура конституциямызға томпақ келетін дүние.

Осындай кемшін тұстар болмас үшін аталған заң жобасы ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің талқысына түсіп отыр. Құқықтық құжат сарапшылардың сүзігісінен өткен соң жаңа жылға дейін қабылданады дейді депутаттар. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір