• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:12:52
Алматы
+35°

01 Қараша, 2016 Саясат

АҚШ Гүленді Түркияға қайтаруы мүмкін

Түркияның Анадолы Агенттігінің жазуынша, АҚШ Сыртқы істер министрлігінен есімін жарияламауды сұраған жоғары өкілетті бір қызметкер: «Таза діни...

Түркияның Анадолы Агенттігінің жазуынша, АҚШ Сыртқы істер министрлігінен есімін жарияламауды сұраған жоғары өкілетті бір қызметкер: «Таза діни қозғалыстан тыс, оффшорлық ақшаны заңдастыру үшін арнаулы ұйымдасқан ақша жасырған тұлғаларды байқадық. Гүлен турасындағы айыптаулардың шындыққа жанасуы мүмкін» деген.

АҚШ-тың  AP хабар агенттігі таратқан ақпаратта, аталған тұлға «Түркияның Фетуллах Гүлен турасындағы айыптаулары үшін жеткілікті және шынайы дәлелдері бар» деп баса айтқан.  Ол, өз сөзінде Гүлен тарабынан  басқарылып, жүргізілген қорлар мен оқу мекемелерінің күмәнді құрылымы мен қаржыландыру жүйесі болғанын жетізген.

Есімін ашыққа шығарғысы келмеген тұлға, Түркиядағы төңкеріс әрекетінің артында тұрған ФЕТӨ террор ұйымының жетекшісі Гүлен екеніне қатысты АҚШ құзырлы органдарында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Есімі аталған АҚШ СІМ өкілі, Түркиядағы «Төтенше жағдай» режимінде жүріп жатқан «Төңкеріске қатысты тұтқындаулар мен Тергеу жұмыстарына» да алаңдаушылық білдіріп, Түркияны демократиялық принциптер аясында әрекет етуге шақырды.

Еске сала кетер болсақ, Түркиядағы қанды  «15 шілде» түнінен кейін Түрік билігі Ресми түрде Гүленді айыптаған болатын. Сондай-ақ, Гүленнің артында ол өмір сүріп жатқан АҚШ билігі тұр деп сынаған еді. Көп өтпей АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри «АҚШ билігінің Гүленге қатысты ешқандай да ішкі есебі жоқ екенін, Түркия айыптауына жеткілікті дәлел келтіре алса Гүленді Түркияға кері экстрадициялайтынын» мәлімдеген еді. Түрік билігі де көп ұзамай АҚШ-қа тиісті дәлелдер жібергенін, қарсы тараптың тезірек тексеру жұмыстарын жүргізуін сұраған болатын.

Бүгін ғана мәлімдеген жасаған Түркияның Премьерінің орынбасары Шимшек, "АҚШ-қа жіберген құжаттарымызда жарым миллионға жуық дәлел бар. Төңкеріс әрекетінің артында Гүлен тұрғанына ешқандай шүбә жоқ" деді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір