• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:49:52
Алматы
+35°

01 Қараша, 2016 Оқиғалар

Түркия «ANKA» атты әртүрлі климат жағдайында ұшатын барлаушы ұшақ жасады

Түркия Қорғаныс өнеркәсібі Комитеті жағынан күндіз де, түнде де, жаңбырда, қар мен тұман сияқты зор ауа райы жағдайларында да, бұлттың үстінен де...

Түркия Қорғаныс өнеркәсібі Комитеті жағынан күндіз де, түнде де, жаңбырда, қар мен тұман сияқты зор ауа райы жағдайларында да, бұлттың үстінен де барлау-бақылау жасау мүмкіндігі бар ANKA Blok B ұшағына интеграция сәтті аяқталды деп хабарлайды түріктің Анадолы Агенттігі. Аталған барлау ұшағы тіпті қою тұман, қалың бұлтты климат жағдайында да ұша алады деп мәлімдеген ұшақты жасаушылар.

Түркия Қорғаныс өнеркәсібі Комитеті сондай-ақ, ұзақ уақыт әуеде жүретін MALE ҰҰА жүйесін де қосқан. Осының арқасында Түркия Ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіретін елдер арасынан орын тапты.

Айта кетер болсақ, Түркия «15 шілде» қанды оқиғасынан кейін қорғаныс саласындағы технологияны түгелдей өз қолына алатынын хабарлаған еді. Оған, сол төңкеріске әрекет болған түні төңкерісшілер ұшырған F16 ұшақтарын жоюға Түркияның төңкерісшілер қолына түспеген әскери әуе базасындағы F16 ұшақтарын ұшыра алмауы себеп болған еді. Аталған соғыс ұшағын өндірген АҚШ, ұшақтың дәл өз «туыстарына» мүлде шабуыл жасамайтын етіп программалаған. Еске салсақ, сол түні төңкерісшілер ұшырған F16 ұшақтары Ыстамбұл мен Анкара көгінде халыққа қатер төндірген болатын, тіпті Түркияның парламент ғимаратын да бомбалап еді.

Бұған дейін Түркия қорғаныс саласында 2013 жылы көп функциялы «Алтай» атты танк өмірге келген еді. Аталған танк те түрлі ауарайы мен жер жағдайында қозғала жүріп шабуылдау мүмкіндігіне ие.

Түркия сонымен қатар теңіз қарулы күштері үшін де 1999 жылы GENESİS атты бағдарлама жасап, өз сүңгуір кемелерін, теңіз радары, соғыс кемелерін өндіре бастаған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір