• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:47:20
Алматы
+35°

01 Қараша, 2016 NEWS

Таксиде зорландым деген келіншектің қорғаушылары полицияның салғырттығына наразы

33 жастағы Аида Айсарова өзінің 11 маусым күні таксиде зорланғанын және есінен танып қалғанын пайдаланған такси жүргізушісі 158 мың теңге ақшасын ұрлап...

33 жастағы Аида Айсарова өзінің 11 маусым күні таксиде зорланғанын және есінен танып қалғанын пайдаланған такси жүргізушісі 158 мың теңге ақшасын ұрлап кеткенін айтып отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz informburo.kz – ке сілтеме жасап.

Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген жәбірленуші мен қорғаушылар аталған істі тергеуде полиция органдарының құлықсыздық танытып отырғанын айтады.

Бес жасар ұлын жалғыз тәрбиелеп отырған 33 жастағы ана Аида Айсарова 11 маусым күні жігітімен сөзге келіп, ұрыс-керіс кезінде есінен танып қалады. Таныстары оны есін жиған соң таксиге салып жібереді. Алайда, Аида таксиге отырған соң тағы да есінен танып қалады. Таксиші де осыны пайдаланып, жолаушы қызды зорлап, өзімен бірге алып келе жатқан ақшасын да қағып кеткен.

Осы оқиғадан кейін Аиданың есінен танып құлауы жиілеген.

«Психологиялық травма оның иммундық жүйесіне әсер еткен. Мұндай психосоматикалық жағдай ода әр тергеу кезінде болып жүр. Алайда, аудандық ІІБ –дегілер бірде-бір рет дәрігер шақырмаған, тергеу кезінде психологтың көмегіне жүгінбеген», - дейді #ҮндемеймізKZ (#НеМолчиKZ) ұлттық қозғалысының белсендісі Дина Смаилова.

Беттестіру кезінде жәбірлеушіні танығанына қарамастан полиция тек «Тонау» бабы бойынша ғана іс қозғаған. Ал, зорлау туралы бірде-бір рет сөз болмаған көрінеді.

Бірнеше жыл бұрын күйеуімен ажырасып, баласын жалғыз тәрбиелеп отырған жәбірленуші «ГУМ» сауда орнында сатушы-кеңесші болып жұмыс істейтін көрінеді. Анасының науқастығын, әкесі жақында көз жұмғанын айтқан Аида басындағы жағдай туралы туыстарына айтпай келген. Оған бір ағасының жақында инфаркт алуы да себеп болған.

«Түрксіб аудандық ІІБ-де істі созып жатыр. Осымен үшінші тергеуші ауысты. Олардың барлығы да Аида такси жүргізушісімен өз еркімен жыныстық қатынасқа түскенін айтқызғысы келеді, өзін кінәлі етеміз деп қорқытады. Оның мекен-жайы жәбірлеген азаматқа да полиция айтып берген», - дейді Дина Смаилова.

Қазір А. Айсарова Бас прокурордың атына ашық хат жазып, одан полиция қызметкерлерінің жұмысын бақылауға алуды сұрап отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір