• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:51:45
Алматы
+35°

02 Қараша, 2016 IT

5G технологиясы қандай болады?

5G технологиясының сынақ жұмыстары келесі жылдан бастап қолға алынатын болады. 5G технологиясы турасында жол картасы белгіленіп, Еуропа одағы, АҚШ, Шығыс...

5G технологиясының сынақ жұмыстары келесі жылдан бастап қолға алынатын болады. 5G технологиясы турасында жол картасы белгіленіп, Еуропа одағы, АҚШ, Шығыс елдері бас болып, Ar-Ge зерттеу жұмыстарын жүргізбек деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Белгілі болғандай 5G mobil-ді хабарласу қызметі секторында халықаралық платформаларды келістіріп, патент дамыту және стандарттардың белгіленуі процесінде көмек берілетін болады.

5G технологиясы: бесінші буын мобильді телекоммуникация қызметі, жаңа буын сымсыз дерек технологиясы болып табылады. Алдыңғы буын технологиямен(4G технологиясы) салыстырғанда жүз есе жоғары байланыс жылдамдығымен қамтамасыз ете алатын, секундына 10 гб-ға дейін ақпарат ауыса алатын болады. Халықаралық телекоммуникация одағы мен Еуропаға одағы жағынан 2020 жылға дейін қажетті дайындық жұмыстары аяқталады деп күтуде.

5G дайындық жұмыстары әлем бойынша 2017 жылдан басталатын болады. 2017 жылдың сәуір айында 5G стандарттары белгіленеді. Одан соң инфраструктура өндірушілері осы стандарттарға сай прототиптер дамытатын болады.

Дамытылған технологиямен бірге қуаттылық проблемаларының да 5G технологиясымен шешілетіні айтылып жатыр. Бұл күнде бір базалық станцияда байланған жүздеген ғана құралдың ақпарат алу қуаты болса, 5G технологиясымен бір шаршы шақырым алаң ішінде бір миллион құралдың бір мезетте еш қиындықсыз ақпарат алып-беру мүмкіндігі болады. 

Өткен апталардың бірінде Оңтүстік Кореялық технология алыбы Samsung компаниясы 5G жылдамдық сынағын жасапты. Аталған тестте 7.5 Gbps(Миллиард бид секундына) көрсеткішке қол жеткізген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір