• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қазан, 04:41:09
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

02 Қараша, 2016 NEWS

Алматы облысында мал сатуға шыққан ағайындылардың өліміне қатысы бар тағы бір күдікті ұсталды (Видео)

Алматы облысында ағайындылардың өліміне қатысты үшінші күдікті анықталды. Үңгіртас ауылының тұрғыны Бақыт Байқасымов марқұмдардың қалай өлтірілгенін көрген....

Алматы облысында ағайындылардың өліміне қатысты үшінші күдікті анықталды. Үңгіртас ауылының тұрғыны Бақыт Байқасымов марқұмдардың қалай өлтірілгенін көрген. Жігіт, тіпті, әлі тірі жатқан азаматтардың біріне араша түспек те болыпты. Бірақ қорықтым деген желеумен кейін полицияға хабарламаған. Тәртіп сақшылары да оны сыбайлас ретінде ұстағанымен, кейін қолхатпен босатып жіберген.

 Бұл туралы Ктк арнасы хабарлайды.

-Үш ағайындының өліміне қатысы бар делінген үшінші күдікті осы Үңгіртас ауылынан екен. Елді мекен қалған екі күдіктінің ауылдарына жақын орналасқан. Және ұрлықы мал біраз күндері осында ұсталып жүріпті. Және оның барлығын көрші-қолаң көрген. Олар ауылдастарының бұл қылмысқа қатысы барына еш таңқалмай отыр. Өйткені, Бақыт Байқасымов бұрын да істі болған екен. 

Бақыт Байқасымовты о баста қамалған екі күдікті байқаусызда ұстап берген екен. Басында «тек екеу болдық» дегендер қастарында тағы танысының жүргенін айтып қалған. Үшінші күдікті қанды қылмыс болған кезде тауда мал бағып жүріпті.   

Гүлжан Жұрманова, Бақыт Байқасымовтың туысы:

-Өзінің малы емес ол, ол-шабан. Біреудің шабаны болып жұмыс істейтін. Ол табылған жұмыс істеді ғой былайша айтқанда. Оның үйі де жоқ, күйі де жоқ. жалғыз өзі әйтеуір күнкөріс.Көрген де жоқпыз қайда тұрады, не тұрады білмейміз ол жағын.

Бұл –сол үшінші күдікті Байқасымовтың туыстары. Жеңгесінің өзі қайынысының кісі өліміне қатысы бар-жоғын білмеймін деп басын ала қашты. Есесіне көршілері жігіттің жүрісі жайлы айтып берді. Үш ағайындының өліміне қатысы бар делінген үшінші күдікті ауылда үнемі шаруасыз, әрі арақ ішіп жүріпті.        

Орынкүл Батырханова, Үңгіртас ауылының тұрғыны :

-Енді көреміз ғой ауылда жүргенде арақ ішетінін. Топталып жүргенде ішеді, көреміз енді көшеден ішіп жүргенін.

Бақыт Байқасымов марқұмдардың қалай өлтірілгенін көзбен көрген. Ол байқаусызда қылмыстың үстінен түсіпті. Жігіт, тіпті, әлі тірі жатқан Қаділбекке араша түспек те болған екен. Бірақ өзін де қоса атып жібере ме деп қорқып, қылмыс туралы жақ ашпаған. Полиция оны сыбайлас ретінде күдікке алғанымен, кейін қолхатпен жібере салған. Десе де, марқұмдардың туыстары оның да жазаға тартылуын сұрап отыр. 

Еркін Бейсеке, марқұмдардың туысы:

-Бақыт қылмыстың үстінен түскен. Мүмкіндігі бола тұра мәлімдеген жоқ. Сондықтан ол да сол қылмысқа қатысқан деп есептейміз. Бұл қылмыстың ішінде үш адаммен ақырласуы мүмкін емес. Оны ұйымдастырған басқа да адамдар болуы мүмкін.

Күдіктілердің мәйіттерді осы ауыл арқылы алып өткендігі де күдік тудырады. Қазір тергеу аяқталған. Оларға қатысты сот осы қараша айында басталады деп күтілуде.  

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір