• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:18:20
Алматы
+35°

02 Қараша, 2016 IT

Электронды микробтардан сақтана білеміз бе?

Осыдан жиырма жылдай бұрын Жапонияда бір қарияның өмірінде бірде-бір рет теледидар көрмегені туралы мақала шыққан еді. Ресейдің орманды өңірін мекендеп, бірде...

Осыдан жиырма жылдай бұрын Жапонияда бір қарияның өмірінде бірде-бір рет теледидар көрмегені туралы мақала шыққан еді. Ресейдің орманды өңірін мекендеп, бірде бір электронды құралды пайдаланбайтын, тіпті мұздатқыш пен электр пештің не екенін де білмейтін, тек табиғи таза өнімдерді тұтынатын отбасы туралы да көп жазылды. Олар адамзаттың жаңа ғасырдағы жетістігі — электронды құралдардан неге қашты екен? Бәлкім теледидардан шығатын сәулелердің зиянын, электр пешке салынған тағамның құнарлығының төмендегенін білетін болар?

Ғалымдар электронды құралдар адамның энергетикалық жүйесінің бұзылуына әкеп соғатынын анықтады. Дәлірек айтсақ, теледидар, компьютер, ұялы телефон, электр пеш, т.б. заттар адам баласының аурасын құртша жейтін "микробтарға" тола екен. Бірақ бұндай зиянкестермен қалай күресу керектігін әзірше ешкім білмейді. Әрине, электроника әлемінің зиянынан сақтанудың бір ғана жолы бар, ол бұндай заттарды мүлдем қолданбау.

Ал қазіргі жаһандану жүйесіне кірмеген ауыл я қыстақ қалмаған заманда, IT  технология қарқынды дамып келе жатқан дәуірде элеткроникадан жырақ кету, қоғамнан сырт қалумен бірдей. Бірақ әр нәрсенің шегі бар. Бәрінен де денсаулық қымбат. Электроника тауарларының адамға тигізер зиянын біліп, жөнімен қолданған абзал.

Электр құралдардың барлық түрі адам баласының биоэнергетикалық орталықтарына нұқсан келтіреді екен. Ресей ғалымдары жуырда адам ағзасының жұмысын бұзатын басты қатер ұялы телефон, микротолқынды пеш пен теледидар екенін анықтады.

Биолог ғалым Евгений Файдыш теледидардың зиянын сезу үшін мынандай тәжірибе жасауды ұсынады. Теледидардағы жарнаманы көп беретін каналдың бірін қосып, үш-төрт сағатқа шығып кетіп, қайта оралсаңыз, бөлменің атмосферасы қаншалықты құлдырағанын сезесіз. Ал бұндай бөлмеге мысықты кіргізсеңіз, хайуан бірден мияулап, төсенішті тырмалап, мазасы кетеді. Яғни, хайуан екеш хайуанға да таза атмосфералы мекен керек. Теледидардан толассыз көрсетілетін жарнама үйдің энергетикасына нұқсан келтіретін, сіздің мекеніңізге зиянды атмосфера "сыйлайтын" зиянкестің нақ өзі. Сондықтан теледидарды ұйықтайтын бөлмеге қоймау керек.. Жылдам желдетілетін бөлмеге қойған дұрыс дейді мамандар. Теледидарды сөндірген соң оның бетін жауып қою керек. Өйткені, теледидар каналы арқылы тараған ақпараттың энергетикасы көпке дейін бөлмеде сақталады.

Демек, электроникалық заттан шығатын улы энергетика үй ішіндегі өмірлік энергияны "жейді" деген сөз. Ресейлік ғалым жанға жайлы музыка тербеліп, табиғатың суреттері ілінген бөлмеде адам өзін жайлы сезінетінін айтады. Бұндай өмірлік энергиясы толыққанды үйге кірген мысықтың өзі шыққысы келмейді. Электроника құралдарын оңды-солды пайдалану арқылы адамдар электромагнитік қоқысқа батып жатқанын сезбейді.

Жапон биофизигі Хирому Йокото толқынды микробтарды өлі мен тірінің арасындағы тіршілік иелері деп бағалаған. Өйткені электр тауарлардан шығатын толқынды микробтарға көбею тән. Ал ресейлік  физиотерапевт Дмитрий Богомазов электронды микробтардың адамның аурасын жейтіні туралы айтады. Теледидар, ұялы телефоннан бөлінетін толқынды микробтар ағзаға түсіп жара, ісік тудыратын микроб сияқты адамның аурасын ауруға шалдықтырады.

Бұнымен қоймай, электронды заттардың дөрекі вибрациялары адамның нәзік вибрацияларын жұтып қояды.  Ал адамның ең нәзік вибрациясына оның рухани, интеллектуалды және сезімдік қасиеттері жатады. Электроника әлемінен шықпайтын адамдар аураның бұзылуы арқылы түрлі ауруға шалдығады (көз ауруын айтпағанның өзінде). Электрониканың кесірінен аурасы бүлінген кісілер уақыт өте келе жүрек ауруынан көз жұмуы мүмкін.

Сондықтан өзіңіздің және отбасыңыздың денсаулығы бұзылмас үшін мынандай ережелерді сақтаған абзал:

1.Теледидарды ұйықтайтын бөлмеге және балалар бөлмесіне қоймаған жөн.

2. Ұялы телефонды жан қалта, төс қалтаға салуға болмайды. Денеге жақын жерде сақтамай, сөмкеге салып жүру керек. Мобильді құралдармен ұзақ сөйлесуге әуес болмаған дұрыс.

3. Техникасы дамыған Жапония тұрғындары табиғатта серуендегенді, жасыл желекті мекендерге саяхаттағанды ұнатады. Адам өмірінің ұзақтығы оның материалдық заттарға тола ортада шалқып өмір сүруімен емес, табиғаттан алыстамауымен байланысты. Сондықтан ауылдық өңірлерге, таулы мекендерге жиі шығуды әдетке айналдырған дұрыс.

4. Балаларды электронды ойыннан гөрі спорттық ойындарға баулыңыз.

5. Тағам әзірлегенде, жалпы үй тұрмысында электронды заттарды пайдаланбауға тырысыңыз.

Шарафат Жылқыбаева

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір