• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:03:42
Алматы
+35°

02 Қараша, 2016 Әлеумет

Бүгінгі аралас тілді мектептердегі тәрбие қандай?

Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғам өркениетілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді ұйымдастырудан басталмақ....

Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғам өркениетілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді ұйымдастырудан басталмақ. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады. Салауатты отбасында ғана салауатты ұрпақ қалыптасады.

Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни, болашақ тізгіннің ұстары, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отырады. Осы ұлы мақсаттарға жету жолында киелі де қасиетті екі түсінік бар.

Бірі, баланың бастапқы тәрбие мектебі алтын бесік - отбасы болса, екіншісі, алтын ұя - мектеп. Бұл екі ортаның да мақсат-мүддесі ортақ. Отбасы, ата-ана адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бұл киелі жерде қызмет ететін мұғалім мен ата-анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылған.

Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көргендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетасы ата-ана арқылы отбасында қаланады деп осы күнге дейін айтып келдік, бірақ, қазіргі аралас тілді мектептердегі оқушылардың тәрбиесі мен мінез-құлқы ата дәстүрімізден келе жатқан қара сөзге қайшы келетіні өтірік емес.

Неге қазақ балалары басқа ұлт өкілдеріне қарап бой түзейді? Неге қазақтың баласы әлі күнге дейін өзгенің баласынан қорлық көреді? Неге қазақ баласының қазақи рухы әлсіреп бара жатыр?- міне осы сұрақтар бүгінгі мақаламның өзекті мәселесі болып отыр. Байқайтыным, сыныпта 13 өзге ұлт өкілі, 2 қазақ болса, қазақтың балалары күнде кезекші, күнде тақта сүртеді, күнде қоқыс жинайды ал, басқаның балалары отырып алып қағаз лақтырып ойнайды, одан қалса бір-бірімен ұрсысады, түрлі боқтық сөздер айтады. Оны көрген қазақ баласы келесі күні дәл сол сөзді келесі қазақ баласына шіреніп айтып тұрады, осыма біздің қазақылығымыз? Тәрбие қайда қалды? Абай атамыздың сөзі қайда қалды?

Сөзімді қорытындылай келе, бала тәрбиесі деп ауыз толтырып айтардан бұрын, «Мен балама қандай тәрбие беріп жатырмын? Мен балама нені дұрыс, нені бұрыс деп түсіндіріп келемін? Беріп жатқан тәрбиемнің нәтижесі қандай? - деген сұрақтарды әрбір ата-ана ең алдымен өзіне қойып, өзі рухани бай, бірінші кезекке баласының тәрбиесіне, оқу үлгеріміне, қоғамдағы орны мен қызығушылығына көңіл бөліп, өмір атты додаға дайындауы қажет деп ойлаймын.

Абай атындағы ҚазҰПУ

1курс студенті

Нұрмұхан Еңлік

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір