• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Қазан, 17:36:08
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

02 Қараша, 2016 NEWS

Өлген соң теледидар алдында 42 жыл отырған әйел

Хорватия астанасы Загребте жоғалып кеткен бір әйелдің мәйіті көптеген жылдардан кейін өз үйінде телевизор алдында отырғанында табылыпты. Оның есімі Хидвига...

Хорватия астанасы Загребте жоғалып кеткен бір әйелдің мәйіті көптеген жылдардан кейін өз үйінде телевизор алдында отырғанында табылыпты. Оның есімі Хидвига Голик(Hedviga Golik), 1924 жылы өмірге келген. Көршісі оны соңғы рет 1966 жылы көрген. Содан соң 42 жастағы әйелді көшіп кетті деп ойлапты. Полиция әйелдің қараусыз үйіне содан 42 жылдан кейін ғана кіріп, ғаламат көрініске куә болған. Тор басып кеткен үйде түссіз теледидары қосулы қалған әйел, креслода отырған күйі қаңқаға айналып кеткен. Тіпті стол үстінде шайы де болған. Бұл туралы 2008 жылы Ұлыбританияның dailyrecord.co.uk сайты хабарлаған.

Бұл оқиғадан жарты ғасыр бұрын да, адамдардың жек қарым-қатынас мәселесіне қаншалықты немқұрайлы қарағанын байқауға болады. Қазір түссіз теледидар дәуірі емес, сан түрлі гаджеттер өмірімізге ендеп кіріп, денеміздің бір мүшесі секілді өзімізден айырылмас халге жеттік. Жолда да, көшеде де, қоғамдық көліктерде де, әлеуметтік орындарда да, дастарханда да қолымыздан ақылды телефондар, добалдай планшеттер түспейтін болды. Айналамыздағы адамдарға көбінесе мән бермейміз. Кімнің жек өмірінде не болып жатыр? Қандай қуанышы болды, қандай қайғысы болды зер салып жатпаймыз. Көршіміз аш жатыр ма? Оны ойлауды қойғанымыз қашан? Мойын бұрып, айналамызға ара тұра көз салып тұрмасақ, бізді де жылдар өткенде үйімізден қаңқа күйінде тауып алмасына кім кепіл?...

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір