• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:08:11
Алматы
+35°

02 Қараша, 2016 IT

Алматылық өнертапқыш көлік кептелісін болдырмайтын экопаркоматтың жобасын жасады

Алматы қаласының тұрғыны Әсет Тілеушев көлік кептелістерін болдырмаудың төте жолын ұсынуда.  Бұған дейін бірнеше патентке ие болған өнертапқыш

Алматы қаласының тұрғыны Әсет Тілеушев көлік кептелістерін болдырмаудың төте жолын ұсынуда.  Бұған дейін бірнеше патентке ие болған өнертапқыш "Қамшы" порталына берген сұхбатында қаланың экологиясын жақсартуда экопаркоматтардың рөлі зор дейді.

Әсет Шайдуллаұлының инновациялық жобалармен айналысқанына отыз жыл болыпты.

"Баршаңызға белгілі, Алматы қаласында енгізілген "Оңай" бағдарламасы сәтсіздікке ұшырады. Көптеген автобус жүргізушілерінің наразылық танытқаны белгілі. Кейбір қоғамдық көлік жүргізушілері салонда жолаушылардың көзінше дөрекі әрекеттерге барып, кейде төбелесіп жатады. Валидаторды қиратқан жүргізушілер де болды.

 Басқа өңірден келген автокөлік иелері қоғамдық көлікке мінгісі келмейді, көліктерін қалаған жеріне қояды.  Тұрғындар да қызмет орнының алдына, үйлердің жанына машиналарын тоқтатып, полицей мен жедел жәрдем көліктерінің аулаға өтуіне кедергі келтіретін жағдайлар жиі кезедесуде" дейді өнертапқыш.  

 Алматыда 700 мың автомобиль бар. Бұдан бөлек сырттан 250 мың көлік келеді. Көліктің көптігінен қалада балалардың емін-еркін ойнап, адамдардың жүріп-тұруына кедергі көп.

Өнертапқыш ұсынып отырған, «Экопаркомат» жобасы көлік кептелістерін 100 пайыз жоюға мүмкіндік береді. Жаңа паркоматтардың ерекшелігі сонда, көліктер бірнеше қабатқа орналаспақ.

"Паркоматтарды қайда орнатуға болады?" деген сұраққа Әсет Шайдуллаұлы былай деп жауап берді:

"Экопаркоматар арықтардың үстіне орнатылса басқа нысандарға кедергі келтірмейді. Паркоматтардың ең жоғары жағына гүл өсіруге болады. "Алайда бұл жобаны толық жүзеге асыруға демеушілер керек" дейді өнертапқыш.

Әр кварталға шамамен 4-8 паркомат орнатуға болады екен. Паркоматтың әрқайсына 120 автокөлік сиятын көрінеді.

Авторлық бағдарламасын қалалық әкімдікке ұсынғанын жеткізген өнертапқыш "Оңайдан" гөрі бұрынғы айлық жол жүру билетін қайта қалпына келтіру керек деп есептейді.  Сонда қаржы жымқыру әрекеттері болмас еді. Оның ойынша, "Оңайға" бөлінген қаражат өзін ақтаған жоқ.

"Егер экопаркоматтар орнатылса қаланың экологиялық ахуалы жақсарып, қала бюджетіне жылына 20 миллиард теңге (1 сағаты 50 теңге болғанда) пайда түсер еді" дейді Әсет Шайдуллаұлы.

Дана Қамшыбек

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір