• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:32:09
Алматы
+35°

02 Қараша, 2016 NEWS

Желі қолданушысы: Салафиттер Әбу Ханифаны шиит болғаны үшін ұнатпайды

Фейсбук әлеуметтік желісінде Мұстафа Шоқай деген атпен тіркелген желі

Фейсбук әлеуметтік желісінде Мұстафа Шоқай деген атпен тіркелген желі қолданушысы елімізде қызу талқыға түсіп отырған діни ахуалға қатысты ерекше пікір білдіріп отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Қазақстан мұсылмандары ұстанатын Әбу Ханифа мазһабын салафиттер ғалымның шиит қауымынан болуына байланысты жақтырмайды деген ой айталы ол. Төменде желі қолданушысының аталған постының толық мәтінін ұсынып отырмыз.

«Әбу Ханифа – шииттік ғалым!

Түрме, колонияларда діни рәсімдерге шектеу қойғаннан гөрі, ағарту-насихат жұмыстарын жүргізу қажет деп білемін.Тек теологтар мен дінтанушылар емес, сонымен қатар зайырлы ұстанымы бар, биік интеллектуалды ойшыл- философтар сотталушылармен қоян-қолтық жұмыс жасаса дұрыс болады.

Қазақстандағы күрделі діни ахуалдың бірден бір себебі əлеуметтік-экономикалық жағдайдың, əсіресе, жастардың арасында қиындығында. Тағы бір себеп əлемдегі діндердің немесе діни ағымдардың артында мүдделі топтардың тұрғаны ешкімге жасырын емес. Мысалы, сүннит бағытын ұстанатын «мұсылман» мемлекеттерімен АҚШ одақтас болса, шиизм бағытын ұстанатын елдерді Ресей қолдайды. Суннизмдегі ең ірі мазхаб болып саналатын Әбу Ханифаның өзі Ахл-Бейіттің ерушісі болған. Ол Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) күйеу баласы Әлидің (р.а.) шөбересі Зайдты қолдап, қаражат беріп Умайя əулетіне қарсы шыққан имам еді.

Әбу Ханифа сенімде (ақида) шииттік ұстанымда екені белгілі, ұстаздары Зейд ибн Али мен Джафар аль-Садик (шиғалар). Сондықтан да, Әбу Ханифаны оның мазһабын салафиттердің ұнатпай қарсылық көрсетуі айналып келгенде ортағасырдағы саяси-билік қақтығыстың заманауи көрінісі деп білемін. Умайя əулетінің мұрагерлері – қазіргі Сауд мемлекеті. Салафиттердің Әбу Ханифаны жек көруіне тағы бір себеп ол парсы ұлтынан болған. Намаз тағы да басқа діни жоралғыларды əр ұлт өз тілінде оқу керек деген тұжырымда болған. Сондықтан да араб шовинистері – салафиттер Әбу Ханифа шиға болғандықтан жек көретінін біреулер білсе де біреулер білмейді. Әбу Ханифа өте ойшыл, пəлсəфəні өзінің діни методикасында кең қолданған ғалым екені бəріне аян. Ахл-хадистің (салафиттердің ) Әбу Ханифаны ахл рай (ақылға салатындар) деп ұнатпауы тағы бір дəлел».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір