• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:13:53
Алматы
+35°

03 Қараша, 2016 NEWS

ОҚО әкімі Франциялықтар алдында Шымкент үшін ұялғанын айтты

Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Жансейіт Түймебаев Франциядан келген қонақтар алдында ұялып қалған, -деп хабарлайды

Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Жансейіт Түймебаев Франциядан келген қонақтар алдында ұялып қалған, -деп хабарлайды Nur.kz сайты.  

Əкімдік қызметке кіріскеніне көп уақыт өте қоймаған Жансейіт Түймебаев Франция елінен келген делегаттармен кездескенде ыңғайсыз жағдайға тап болған. Бұл туралы ол Шымкентте өткен облыстық жастар форумында айтып берді.

"Жақында Франция Елшісі келді. Қаланы аралап шықты. Көшеде қурап кеткен ағаштарды көріп, "Ағаштарға не болған?" деп сұрады. "Ауырып қалып еді" деп жауап бердім", - деді Түймебаев.

Одан өзге аймақ басшысының айтуынша, Шымкент көшелеріндегі сұр түстен көз сүрінетін жол жиектеріндегі жасанды бөгеттер, арықтар да шетелдік қонақты таң қалдырыпты. Қадірлі мейман Шымкенттің бұл кейпін қала соғысқа дайындалып жатыр деп ойлапты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев Шымкент əкімін көгалдандыру жұмыстары бойынша сынап, Əбдірахымовтың орынбасары жасаған баяндаманы қабылдамай қойды.  Тіпті кейбір шенеуніктерді орнынан тұрғызып қойып ұрысып тастады. Тек қана көгалдандыру емес, қала көркін реттеу жұмыстарына да көңілі толмаған Түймебаев мырза жауаптыларға қолдарынан келмесе, орнын босату керектігін ескертті. Ол аз дегендей облыс əкімі қонақтарды алып баратын жерлердің де жоқтығын назарға алды.

"Қалаға қонақтар көп келіп жатыр. Мен сіздерге айтайын, ешқандай ұялмай алып баратын жеріміз қазір тек қана Rixos қонақүйі. Əуежай дайын емес, жол дайын емес. Түсіндіңіздер ме? Ескі үйлердің сыртқы келбетін реттеп, жаңа үйлер саларда біркелкілікке мəн беру керек", - деп ашуланды Жансейіт Түймебаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір