• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:50:47
Алматы
+35°

03 Қараша, 2016 NEWS

ТҰҢҒЫШБАЙ ЖАМАНҚҰЛОВ 69 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҰРЛАДЫ ДЕГЕН АЙЫППЕН ҰСТАЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі "Феникс" көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі "Феникс" көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтады, - деп хабарлады.

Тергеудің мәліметінше, "Қазақфильм" АҚ-ның "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ға фильмнің өндірісіне 79 миллион теңге бөлгені анықталған. "Оның 69 миллион теңгесін картина продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған. Ол - "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ның құрылтайшысы", - делінген хабарламада. Осыған байланысты Тұңғышбай Жаманқұловтың бүгін, 2 қарашада ұсталғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, қаражаттың қосалқы мердігерлік ұйымдарда қолма-қол ақшаға айналдырылып, Тұңғышбай Жаманқұловқа берілгені айтылады.

Сонымен қатар, қаражат жымқыруға "Қазақфильм" АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Г.Ысқақованың және фильмнің атқарушы продюсері Н.Юдинаның қатысы бар екені дәлелденгені хабарланып отыр. Айта кетейік, олар соттың санкциясымен қамауға алынған болатын.

Еске сала кететін болсақ, жақында ғана Тұңғышбай Жаманқұлов Мәдениет және Спорт министрін сынаған еді.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір