• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:37:34
Алматы
+35°

03 Қараша, 2016 NEWS

Қазақстанда атом электр стансасы салынбайтын болды

Алдағы жеті жылда Қазақстан аумағында атом электр стансасы салынбайтын болды, - деп хабарлайды

Алдағы жеті жылда Қазақстан аумағында атом электр стансасы салынбайтын болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл туралы елдің энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Мұндай шешімге Қазақстанда электрэнергиясының жетіспеушілігінің жоқтығы себеп болған.

Бұған Қазақстан басшылығы Ресей атом кәсіпорны және жапондық Toshiba компаниясымен бірнеше жыл бойы атом электр стансасының құрылысы туралы келіссөздер жүргізіп келген еді.

«Қазақстанда қазір электр энергиясының жетіспеушілігі жоқ, жазда 5 мың мегаватт, қыс айларында шамамен 3,5 мың мегаватт электрэнергиясы артылып қалуда. Біз ұзақ мерзімге баланс жасадық. Алдағы жеті жыл ішінде ешқандай дефицит болмайды, сондықтан бұл уақыт ішінде атом стансасы сынды жаңа қуат көзін салу қажеттілігін көріп отырған жоқпыз», - деген министр Қ. Бозымбаев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір