• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:40:55
Алматы
+35°

03 Қараша, 2016 NEWS

Алматыдағы теракт: Күлікбаев Челах отырған түрмеде жазасын өтейтін болды (Видео)

Алматыда қанды қырғын жасаған Руслан Күлікбаев өлім жазасына кесілді. Осылайша он адамның өмірін қиған қарақшыға соңғы он жылда болмаған аса ауыр жаза беріліп...

Алматыда қанды қырғын жасаған Руслан Күлікбаев өлім жазасына кесілді. Осылайша он адамның өмірін қиған қарақшыға соңғы он жылда болмаған аса ауыр жаза беріліп отыр. Алайда үкімнің қашан орындалатыны белгісіз. Өйткені елімізде өлім жазасының орындалуына мораторий бар екені мәлім. Сондықтан Күлікбаев Қостанай облысындағы ерекше режимдегі «Қара бүркіт» түрмесінде отырып, үкімнің орындалуын күтеді. Ал оның бес сыбайласы әр түрлі мерзімге сотталды.

Бұл туралы Ктк арнасы хабарлайды. 

Руслан Күлікбаевқа қатысты соңғы сот отырысы болғасын ба, бүгін қауіпсіздік шаралары ерекше күшейтілген. Он адамды атып өлтірген лаңкесті бірнеше жауынгер күзетіп тұр. Тіпті сот залына мұздай қаруланған арнайы жасақ сарбаздары да кіргізіліпті. Өйткені қоғам үшін аса қауіпті саналатын лаңкес аяушылық қасиеттен ада екенін көрсетті. Сот үкімі оқылғанда да баяғы әдетіне басып, орнынан тұрған да жоқ. Судья да көпке созбай, қаныпезерді ату жазасына кесті.

Ерлан Болат, судья:

-ҚК 58-ші  бабының 4-бөлігін басшылыққа алып, Руслан Күлікбаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, өлім жазасы тағайындалсын.

Алайда аса ауыр жаза арқалаған Күлікбаевтың бұл үкімге беті бүлк еткен жоқ. Себебі жасаған қылмысына еш өкінген емес. Тіпті жәбірленушінің туыстарынан кешірім сұрауға да жарамады. 

Зағира Қырықбаев, марқұм А.Әзімжановтың туысы:

-Оңбаған екен. Бәрібір сияқты оған. Атсын. Қаншама адамның қанын ішті. Сондай мәдениетсіз адам.       

Күлікбаев жәбірленушілерге қыруар қаржы қарыз болып қалды. Судья оны бір ай ішінде 50 миллион теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттеді. Ал қылмыскерді ұстаймын деп қаза тапқан Аян Ғалиевті мемлекеттік наградаға ұсыну туралы жеке қаулы шығарылған. 

Анар Асанова, марқұм А.Ғалиевтің жесірі:

-Тоғыз жерден жараланса да Күлікбаевты тоқтата білді. Егер ол тоқтатпағанда қанша адамды өлтірер еді. Сол себепті мен артынан қалған балаларына, басқа да жастарға үлгі болсын, қазіргі заманның батыры ретінде ерлігі ескерілуі керек деп ойлаймын.

Мұздай қаруларған қаскөй шілдеде Алматының тәртіп сақшыларынан аяғынан тік тұрғызған болатын. Тәртіп сақшыларына кектенген лаңкес 9 құзырлы орган қызметкері мен бір бейбіт тұрғынды атып өлтірді. Енді осы қанды қылмысы үшін жазасын ерекше режимдегі «Қара бүркіт» түрмесінде өтеуі тиіс. Қостанай облысындағы осы колонияда атышулы Владислав Челах та отыр. Ал Күлікбаев енді оған ешкімнің жазасын жеңілдетпейтінін түсінсе керек, апелляциялық шағым жазбаймын деп адвокатынын сәлем айтып жіберіпті.

-Қандықол қарақшының бүгіннен бастап бостандыққа шығуға деген үміті толық үзілді. Сондықтан ол елімізде өлім жазасының орындалуына жарияланған мораторий алынып тасталғанша қатаң режимдегі түзету мекемелерінің бірінде өтейтін болады. Айта кетейік Руслан Күлікбаевқа қолданылған ең ауыр жаза елімізде соңғы рет осыдан он жыл бұрын қолданылған екен.

Бүгін сондай-ақ, сот Күлікбаевтың сыбайластарына да үкім кесті. Топтасып адам тонап, қарақшылық жасаған бес жігіт 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.  

   

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір